Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Көмейіме өксік тығылды": Қайрат Нұртас Елбасының көз жасын көрген сәт туралы

Қайрат Нұртас Елбасының көз жасын көрген сәт туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Көмейіме өксік тығылды: Қайрат Нұртас Елбасының көз жасын көрген сәт туралы

Әнші әлеуметтік желідегі парақшаларының бірінде Елбасымыздың көзіне жас алған бейнежазбасын жүктеп, жазба қалдырған. Ол ел мен жердің өткенін есіне алған жанның ішкі толғанысын сыртқа шығарып, жан дүниесінің тазалығын байқатқаны туралы айтып берді. Осылайша "Елім менің" әнін орындаған Қарат Нұртастың өзі толқып кеткен көрінеді. 

"Мен әйел емес ер адамның және екінің бірі емес тұңғыш Елбасымыздың көз жасы туралы айтқым келіп отыр. Кейбіреулер үлкен кісі көңілшек деп ойлауы да мүмкін, бірақ мен мүлде олай ойламаймын. Әнші болған соң түрлі ортада, қаншама сахнада жүреміз. Сондай үлкен концерттің бірінде Бекболат Тілеухан ағамыздың әніне жазылған "Елім менің" әнін бірнеше адам болып орындадық. Сонда "Бабамның қаны, анамның жасы" деген жерін мен орындап жатып, кенет Елбасына көзім түсіп кетті", - дейді Қайрат Нұртас.  

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Адам өтірік күлуі мүмкін, бірақ өтірік жылау өте қиын. Көз жасындай таза, көз жасындай мөлдір не бар мына ғаламда?! Оның таза болатыны да сол сағыныш, қимастық пен естеліктерден бастау алуында шығар. Мен әйел емес ер адамның және екінің бірі емес тұңғыш Елбасымыздың көз жасы туралы айтқым келіп отыр. Кейбіреулер үлкен кісі көңілшек деп ойлауы да мүмкін, мен бірақ мүлде олай ойламаймын. Әнші болған соң түрлі ортада, қаншама сахнада жүреміз. Миллиондардың қолының шапалағын ғана емес жүрек лүпілін де сезініп тұрамыз, қандай қашықтықта тұрсаң да ол саған сезіледі. Сондай үлкен концерттің бірінде Бекболат Тілеухан ағамыздың әніне жазылған Елім менің" әнін бірнеше адам болып орындадық. Сонда " Бабамның қаны, анамның жасы оуу" деген жерін мен орындап жатып кенет Елбасына көзім түсіп кетті. Мен "анамның жасы" деген жерде қарашығын толқытып, мөлдіреп тұрған ағамның жасын көрдім. Өзімнің де көмейіме өксік тығылып, барынша білдірмей, әнді жалғастырып кете бердім. Бұл екі қатар неге ол кісінің екі көзін жасқа толтырды деп көп ойландым. Шынында мынау даламызда бабамыздың қаны мен анамыздың жасы тамбаған жер кемде-кем шығар. Солардың қаны мен жасының өтеуіндей осы тәуелсіз мемлекетті құрып, соның төрінде сол бақытты ұрпақтың шаттық әні адамды толқытпай тұра ала ма?! Бәлкім біз білмейтін, біз сезіне алмайтын қаншама оқиғалар ол кісінің жанарының жағалауын соққылап жатқан шығар. Көздің жасы я қуанда, я қуанғанда шығады ғой. Бұл лайым қуаныштың, шүкірліктің жасы болғай!

Публикация от Кайрат Нуртас (@kair_n)

Қанша жерден көзіне жас алғысы келсе де, Қайрат Нұртас әнін айтып кеткен. Алайда, бабамыздың қаны мен анамыздың төгілген жасын есіне алған өнер иесі, ішкі дүниесінде төңкеріс болғанын айтады. Бұл осы күнге жеткеніміз үшін, бейбітшілігіміз бен берекеміз үшін қуаныштан төгілген көз жасы деген тоқтамға келді әнші. 

"Мен "анамның жасы" деген жерде қарашығын толқытып, мөлдіреп тұрған ағамның жасын көрдім. Өзімнің де көмейіме өксік тығылып, барынша білдірмей, әнді жалғастырып кете бердім. Бұл екі жол неге ол кісінің көзін жасқа толтырды деп көп ойландым. Шынында мынау даламызда бабамыздың қаны мен анамыздың жасы тамбаған жер кемде-кем шығар. Солардың қаны мен жасының өтеуіндей осы тәуелсіз мемлекетті құрып, соның төрінде сол бақытты ұрпақтың шаттық әні адамды толқытпай тұра ала ма?! Бәлкім біз білмейтін, біз сезіне алмайтын қаншама оқиғалар ол кісінің жанарының жағалауын соққылап жатқан шығар. Көздің жасы я қуанда, я қуанғанда шығады ғой. Бұл лайым қуаныштың, шүкірліктің жасы болғай!" - дейді Қарат Нұртас. 

Талқылау