Көмектесудің орнына видеоға түсірген: Астаналық жігіттердің әрекеті жұрттың жағасын ұстатты (видео)
Ақтүтек боранда ағаш бұтасынан ұстап қалуға тырысқан қос бойжеткеннің видеосы желіде қызу талқыға түсті. Бейнежазбаны куәгер ер адамдар түсірген. Осы орайда Астанадағы Сарыарқа ауданының әкімі Арман Тұрлыбеков қыздарға көмектесудің орнына, таспаға түсіре жөнелген тұрғындарды сынады, деп жазады Stan.kz.
“Бүгін желіде пайда болған видеоға айтар сөз таба алмай отырмын. Ер адамдар көмектесудің орнына көлікте отырып алып, видео түсірген. Тағы ерінбей видеоға ән қосып қойыпты”, – деді ол.
Әкім қала тұрғындарын мейірімді болуға, бір-біріне көмектесуге шақырды.
“Құрметті тұрғындар! Ауа-райының қолайсыздығына байланысты сабырлы болуға әрі бір-біріңізге көмектесуге шақырамын. Жол бойында қатты желден жүре алмай жатқан адамдарды, көліктерді көрсеңіздер, тоқтап көмектесіп жіберіңіздер. Мейірімді болайық”, – деп жазды ол.
Жіберіп алмаңыз:
Астанада қатты боран университеттің шатырын жұлып әкетті
Ұлты қазақ нейрохирург Германияда танымал дәрігерге айналды
Қазақстанда көлік ережесіне айыппұлдың 5 жаңа түрі енгізілді
Павлодарда үш балалы ана қақаған қыста екі айдан бері жертөледе тұрып жатыр