Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Көмекке мұқтаж адам емес". Айнұр Тұрсынбаева Еуропада ем алып жатқан Жүрсін Ерман туралы айтты

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваның айтуынша, шетелде емделіп жатқан Жүрсін Ерманның жағдайына қанық, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Уақыт көрсетеді” бағдарламасына сілтеме жасап.

“Бүгінде Жүрсін Ерман ағамыз ауруханада. Барлығы көңілін сұрап, көмек беруде. Сіздің тарапыңыздан қандай көмек болды?” деген сұраққа ақын: “Жүрсін ағамыз көмек беретіндей көмекке мұқтаж адам емес. Ол кісі Алматыда болғанда мен Түркияда едім. Біздің атымыздан араласатын ақындардан сәлем айтып Жандарбек, Балғынбек барып қайтты. Ол кісі де жылы лебізін білдірді деп естідім. Ағамыз қатты қартайып тұрған жоқ. Аман есен елге оралып, айтыстың төрінде отыру керек”, – деді айтыскер.

Айнұр Тұрсынбаева “Жүрсін Ерманның орынын сіздіңше кім басады? Мұрагері бар ма?” деген сұрақты да жауапсыз қалдырмады.

“Қазір айтыста жүрген ардагер ақындардың кез келгені баса алады деп ойлаймын. Аманжол Әлтаев, Балғынбек Имашев, Бекарыс Шойбеков, Бауыржан Қалиолла сынды, мықты, елге сөзі өтетін ақындардың кез келгенінің қолынан келеді. Көп ақындардың танылуына Жүрсін ағамыздың еңбегі сіңді. Солардың кез келгені айтысты тізгіндей алады деп ойлаймын”, – дейді айтыскер ойын ашық айтып.

Талқылау