Қолынан айырылған жігіт өзін іздеп келіп қосылған келіншегі туралы айтып берді
Бала күнінде қолынан айырылған қызылордалық азамат бүгінде екі баланың әкесі атанып, бақытты ғұмыр кешіп отырғанын айтты. Болашақ жұбайы оны арнайы іздеп келіп танысқан екен.
Бұл туралы “Әйел бақыты” бағдарламасында айтылды.
“Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында 1-сыныпты бітірген кезім болатын. Ол кезде шамамен 6 жаста едім. Балалармен ойнап жүрген сәтте бір үлкен кісі келіп, трансформатордың үстіне шығып, өрістегі малды қарап беруімді сұрады. Жауын-шашын жауып трансформатордың бетіне су тиген екен. Жаңағы кісінің өтінішімен үстіне шығып, тоққа түсіп қалдым. Шамамен бұл 1999 жылы болған оқиға. Ауылдың ауруханасында біраз жатып, Қызылорданың облыстық ауруханасына ауыстырылдым. Ол жақтағы дәрігерлер іріңнің денеме жайылып кеткенін айтты. Сүйегіме өтіп кеткен жағдайда, өмірмен қош айтысатын едім. Анам жылап жүріп қолымның жартысын алып қалды.
2001 жылы отбасымызбен Алматы қаласына көшіп келдік. Содан бері осы қалада тұрамын. №31 мектептен, арнайы түзету мектеп-интернатына ауыстырылдым. Осы сәтті пайдаланып, сынып жетекшім Жанар апайға үлкен рахмет айтқым келеді. Менің қайта тірілуіме сол кісі себепші болды. Мені қоймай жетелеп жүріп, көптеген адамдардың ортасына алып барып қосты. Маған қолсыз жазуды үйретті”, – дейді Азамат Оразбек.
Бүгінде Азамат отбасын құрып, екі баланың әкесі атанып үлгерген. Айтуынша, келіншегі көптен бері сыртынан ғашық болып жүрген екен.
“Сүйіктімді ұзақ уақыт бойы іздедім. Сөйтіп жүріп мен оны емес, ол мені тапты. Ол мені бір бағдарлама арқылы көріп қалып, нөмірімді іздеп, іштегі ақ тілегін жеткізгісі келіп жүрген екен. Алматыдағы Айнабұлақ деген ауданда жүрген кезімде ол мені сырттай көріп қалған. Екеуіміз сол сәтте танысып, мен бірінші қадам жасадым. Нөмірін сұрап, бастапқыда дос ретінде араласып жүрдік. Кейін қыз-жігіт болып жүріп, отбасын құруға ұсыныс жасадым. Менің анам мен оның әке-шешесі жолығып, өзара келісті. Бүгінде екі баланың әкесімін. Бұрыннан бері тойға шығып ән айтқым келетін. Олжас Сыдық есімді ағам маған арнап ән жазып, сол әнмен тойға шығып жүрдім. Халық жылы қабылдағандықтан, әлі күнге дейін тойда ән саламын. Ал әлеуметтік желілерде танымал болуыма Ермек деген досым себепші болды”, – дейді Азамат Оразбек.
Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.
Жіберіп алмаңыз:
Шымкенттік әйел өзін дуалап, күйеуімен ажырастырған құрбысы туралы айтты
Шымкенттік келіншек дуаның әсерінен өзін аямай соққыға жыққан күйеуі туралы айтты
Келіншек өзін жабылып ұратын қайын жұрты туралы айтып жылады
Астаналық әйелдер 5 күйеуді кезегімен тартып алған көңілдеспен жолықты