Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Колумбияда небәрі 17 жастағы жігіт 30 адамды өлтірген

Колумбияның құқық қорғау органдары «Фриолито» есімімен танымал қылмыскерді қолға түсірді. Небәрі 17 жастағы жас жігіт 30 адамды өлтірді деп айыпталып отыр.

pic_5665620bd0206428dc2ac455e5c5e8c0

Бұл туралы Terra Columbia басылымы жазған.

Кәмілеттік жасқа толмағандықтан Кали қаласы тұрғынының аты-жөні аталмай отыр.

Басқарушы полицей Кали Уго Касастың айтуынша, күдікті 12 жасынан бастап адам өлтірген. Дәл осы шақта ол Каука елді-мекенінен, ата-анасынан бөлек қалаға көшіп келген.

Тергеу болжамы бойынша, «Фриолито» 30-дан аса адамды өлтірген. Полицияның болжамынша жас жігіт алдымен қылмыстық топтың құрамында болған. Кейіннен адам өлтірумен және заңсыз есіртікі тасымалдаумен айналысатын өзінің қылмыскерлер тобын ашқан.

Қазіргі уақытта қылмыскер кәмілеттік жасқа толмағандарға арналған реабилитациялық орталықта жатыр. 18 жасқа толған соң ол ересектерге арналған колонияға жіберіледі.

Басылымның хабарлауынша, Колумбия заңдарына сәйкес, қылмыскер әрі кеткенде 8 жыл бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Жіберіп алмаңыз:

Нью-Йорктегі мұсылмандар жергілікті тұрғындарды хиджаб киюге шақырды (фото)

Некесіз секспен айналысқан мұсылман әйеліне 26 рет дүре соғылды (фото)

Мұғалімнің айтуымен оқушылар үлгерімі төмен сыныптас қызын ұрып өлтірді

Моңғолия депутаты 40 мың долларды өз қалтасынан бюджетке аударды

Талқылау