AAPL
140.82 $
-5.64 %
TSLA
709.81 $
-6.8 %
NDAQ
142.09 $
-4.5 %
GOOGL
2237.99 $
-3.93 %
FRHC
41.11 $
-5.52 %
AAPL
140.82 $
-5.64 %
TSLA
709.81 $
-6.8 %
NDAQ
142.09 $
-4.5 %
GOOGL
2237.99 $
-3.93 %
FRHC
41.11 $
-5.52 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Колледж ғимаратын тартып алмақ: Семейде студенттер білім беру мекемесін сақтап қалу үшін наразылық акциясын өткізді (видео)

Семейде облыс шенеуніктерінің қажеттілігі үшін  Геодезия және картография жоғары колледжінің оқу ғимаратын тартып алмақшы. Мұндай шешімге қарсы болған студенттер жиналып, наразылық акциясын өткізді. Кейін студенттер талабына қала шенеуніктері ресми жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі KazTAG басылымына сілтеме жасап.  

студенттер

"Олардың жиналу себебі қарапайым, жоғарыдағылардың бірі болашақ Абай облысының күштік құрылымдарына колледж ғимаратын бермекші. Қазір әскерилер жөндеу жұмыстарын жүргізу мен өздеріне ыңғайлау үшін ғимаратты аралап жүр. Біздің билік неліктен білім беру нысандарын тартып алғысы келеді? Мұндай шешімді кім қабылдайды? Түсінемін, ғимарат сол жақ жағалауда, дәл орталығында орналасқан. Алайда Тоқаевтың елімізге инженерлер керек деген сөзімен бұл қаншалықты сәйкес келеді? Жаңа Қазақстанды, жаңа облыс құруды осындай ақымақ шешімнен бастау дұрыс емес", - дейді колледж түлектерінің бірі Димаш Төлебаев. 

Қазіргі уақытта бұл картография және геодезия саласындағы ең көне колледд болып отыр. Мұнда білім алушыларға тәжірибе жинауға мүмкіндік беретін құрылғылар мен зертханалар бар. 

Әлеуметтік желіде тараған видеодан кейін ШҚО білім басқармасында ресми пікір білдірді.

"Қазір Геодезия және картография жоғары колледжін Геологиялық барлау колледжімен біріктіру мәселесі қарастырып жатқан жоқ", - деді білім бөлімінің басшысы Сайрангүл Жұмаділова. 

Сонымен қатар ол колледж ғимаратын мемлекеттік ведомствоға беру мәселесіне алаңдаудың керегі жоқ екенін де айтты. 

"Әзірге мемлекеттік органдарды колледж ғимаратына орналастыру немесе оларды жабу туралы сөз қозғалған жоқ. Керісінше, аймақ басшысы Даниял Ахметов колледждердің материалдық-техникалық базасын нығайту, мамандықтар санын арттыру және сұранысқа ие кадрларды жасақтау бойынша тапсырма берді. Семей қаласының барлық колледж студенттері әдеттегі режимде білім алып, білім алған мамандығы бойынша диплом алады", - деді Жұмаділова. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр