"Қолында тапаншасы бар": Алматыда бейтаныс ер адам қыздың соңынан қуған (видео)

Фото: Видеодан скрин
Алматы тұрғыны әлеуметтік желіде өзін қару ұстаған ер адам қуғанын айтып, жазба жариялады. Полиция күдіктіні ұстады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қыздың айтуынша, бұл жағдай Тимирязев көшесінде дәріханаға бара жатқан жолда болған.
“Ер адам мені мазалап, соңымнан ере бастады. Аброй болғанда, алдымнан шыққан бірінші жүкенге кіріп кеттім. Ол қаруын шығарып, мені күтіп тұрды. Тұла бойыи дірілдепр кетті”, – дейді жәбірленуші.
Ол өз сөзін дәлелдеу үшін күдіктіні видеоға түсіріп алған. Видеодан ер адамның қолында қаруға ұқсас зат болғанын көруге болады.
Алматыда ерлі-зайыптыға оқ жаудырған қарақшы 16 жылға сотталды
"Бар өмірім көз алдымнан өтті": Алматы маңында ер адам бойжеткендерді аңдып, соңынан қуған (видео)
Алматы полициясы бұл факті бойынша 102-ге қоңырау түскенін мәлімдеді. Ведомствоның мәліметінше, күдіктінің қолында ойыншық қару болған.
“Оқиға орнына патрульдік полиция экипажы дереу жетті. Күдікті ұсталып, тергеу үшін полиция бөліміне жеткізілді. Оның тұрақты мекенжайы жоқ, алкогольдік мас күйінде болған. Қолында қоршаған ортаға қауіп төндірмейтін ойыншық тапанша болған”, – делінген хабарламада.
"Үш сағат істейтінді бізде он минутта бітіреді": Германиядағы қазақ дәрігері сүндеттеу ісінде Қазақстан қалай алға кеткенін айтып берді