Алматыда ерлі-зайыптыға оқ жаудырған қарақшы 16 жылға сотталды

Фото: Видеодан скрин
Алматыда ерлі-зайыптыны жаралаған ер адамға сот үкімі шықты. Ол 16 жылға сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Жарты жыл бұрын ер адам өзін электрші ретінде таныстырып, біреудің пәтеріне кіріп, тұрғындарға бірнеше рет жауынгерлік тапаншадан оқ атқан. Қарақшы 16 жылға түрмеге сотталды.
Сотталушы 38 жастағы Жетісу өңірінің тумасы болып шықты.
Тергеу барысында белгілі болғандай, шабуылдан біраз уақыт бұрын ол пәтерге жаңа жиһаз орнатып жүріп, сейфті байқап қалған. Сол сәтте ол ұрлық жасау туралы жоспар құрады. Қаруланған қаскөй бет-жүзін медициналық маска мен шарфпен жауып, өзін электрші ретінде таныстырып, элиталық тұрғын үй кешеніне еш кедергісіз кірген. Кейін пәтердің қоңырауын соғып, әйел есікті ашқанда алдымен оған, кейін айқайға жүгіріп шыққан күйеуіне оқ жаудырған. Ерлі-зайыпты оқ жарақатымен ауруханаға жеткізілген еді.
Қаскелеңдегі атышулы құпия ит сою орны мен ет тасымалы: Істің 1 жылдан кейін тоқтатылғаны белгілі болды
Мина Исмаилова: "Сою орны әлі күнге дейін жұмыстарын жалғастырып жатқанына сенімдімін"
"Қол қусырып тұра алмадым": Алматылық әке 1 жастағы көршісінің баласын қалай аман алып қалғанын айтып берді
Әкенің айтуынша, балаларына анасының өмірден өткенін түсіндіру де оңай болмаған