Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлттық экономика министрі екі қолынан айырылған кәсіпкерді марапаттады

Таразда ҚР-ның ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов кәсіпкер Анар Бексұлтанованы марапаттады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ұлттық экономика министрі екі қолынан айырылған кәсіпкерді марапаттады

Бұл туралы министрліктің баспасөз-қызметі мәлімдеді.

"Менің туғаннан бері екі қолым жоқ. Мен барлық нәрсені аяғыммен жасауды үйрендім. Аяғыммен тігін тігемін. ЖОО бітіріп, өлкетану мұражайында жұмыс атқардым. Өз кәсібімді ашып, қыздарымды тәрбиелеп өсірдім. Егер адамның мақсаты болса, ол барлық қиындықтарды өткереді. Мен бұған өзім көз жеткіздім. Қазір қалауын тапсаң, қар жанады деген сөз рас", - деді Анар Бексұлтанова.

Өзінің екі қолының жоқтығына қарамастан, Анар тігін тігумен айналысады екен. Осыған байланысты ол мемлекеттік грантқа ие болып, өз кәсібін ашқан. Өңірде кәссіпкер өзінің күш-жігері мен ісіне деген адалдығымен танылған. 

2019 жылдың жазында Анар Бексұлтанова ұлттық экономика министрінің қолынан құрмет грамотасына ие болыпты. 

Тәуелсіздік күні қарсаңында президенттің бұйрығымен мемлекет экономикасына өз пайдасын тигізген басқа да кәсіпкерлерді министр өзі марапаттады. 

 

 

STAN.KZ
Дүйсенбі, 16 Желтоқсан, 2019 16:57
Талқылау