AAPL
145.64 $
0.46 %
TSLA
677.35 $
4.69 %
NDAQ
186.68 $
0.62 %
GOOGL
2715.55 $
-0.23 %
FB
358.32 $
-4.01 %
FRHC
63.26 $
0.11 %
AAPL
145.64 $
0.46 %
TSLA
677.35 $
4.69 %
NDAQ
186.68 $
0.62 %
GOOGL
2715.55 $
-0.23 %
FB
358.32 $
-4.01 %
FRHC
63.26 $
0.11 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қолына пышақ алып жүреді": Ақтөбеде жалғыз басты әжей бүтін бір үйдің тұрғындарын қорқытып отыр

Ақтөбеде жалғыз басты әжеге көршілері шағымданды. Олардың айтуынша, қарияның аулада бірнеше рет қолына пышақ алып жүруіне байланысты үй тұрғындары қорқынышта өмір сүріп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Aibat ақпараттық қызметіне сілтеме жасап.

Тұрғындар балалары үшін қорқатынын мойындайды, өйткені әжейдің психикалық ауытқулары бар. Көршілері шұғыл қызметтерге жүгінген, бірақ еш нәтиже болмаған.

Зейнеткер ешкімге пәтер есігін ашпайды. Көршілер ол туралы аз біледі: аты-жөні – Ольга Грен, жасы шамамен 80-де, бес жыл бұрын әйелдің ұлы қайтыс болды, ал қыздары Ресейде тұрады. Тұрғындар әженің ешкіммен араласпайтынын айтады.

"Ауруы асқынған кезде ол пышақпен шығады. Балаларым үшін қорқамын. Балаларым оны көргенде, басқа жаққа қашып кетеді", – дейді көршісі Дана Белошова.

"Ол ауру, иә, психикалық тұрғыдан. Оған психикалық ауруханадаем қонбайды. Егер ол агрессия көрсетсе, оны бір жарым айға алып кетеді, содан кейін қайтадан жібереді. Ол пышақпен жүреді, ағаштарды шұқиды, ол ештеңені түсінбейді", – деді тағы бір көршісі Елена.



Екі бөлмелі пәтерде зейнеткер толық антисанитариялық жағдай жасағанына да көршілері шағымданды. Олардың айтуынша, осыған байланысты тарақандар барлық жерде жүреді. Кіреберістер мен пәтерлерді зарарсыздандыру әсері ұзаққа созылмайды: уақыт өте келе тарақандар қайтадан пайда болады. Әжейдің пәтерінің үстінде тұрған екінші қабаттағы тұрғындар көшуге мәжбүр болыпты.

"Оның газы да, жарығы да жоқ. Ол үйде дәретханаға барады, сосын оның барлығын, қалдықтарды далаға шығарады, осының салдарынан үйдің барлық жерінде тарақандар бар", – дейді көршісі Мадина Тәжниязова.

Қаланың әлеуметтік қызметі жалғызбасты әженің бар екенін білмейді. Журналистердің өтінішінен кейін олар тексеруге уәде берді. Бірақ егер Ольга Грен психикалық денсаулық орталығында тіркелген болса, онда оған әлеуметтік қызметкер тағайындалмайды.

Сонымен қатар облыстық денсаулық сақтау басқармасы дәрігерлерік құпияға сілтеме жасай отырып, әжейдің жағдайы туралы айтпады.

"Жоқ, ол біздің есебімізде жоқ, өйткені бізге жүгінбеді, өтініш беріп, бізге қоңырау шалуы керек", – деді "Әлеуметтік көмек орталығы" КММ директорының орынбасары Назия Шаяхметова.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр