Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қолын тіліп, байлап тастады": Оралда қарақшылар 86 жастағы тыл ардагерін үйінде тонап кетті

Қарақшылардың 86 жастағы тыл ардагеріне жасаған шабуылы Орал тұрғындарын дүрліктірді. Бетперде киген екі қылмыскер түнде ауыл тұрғынының үйіне баса көктеп кірген. Тіпті, әйелдің жасы да оларды тоқтата алмады. Олар оны пышақтап, скотчпен байлап тастаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап.

Тыл еңбеккері Анна Масянова болған оқиғадан кейін әлі күнге дейін есеңгіреп жүр. Сол күні ол төсекке ұйықтауға жатқан, бір сәтте дыбыс естілген.  Бетперде киген қылмыскерлер зейнеткердің үйіне баса көктеп кіріп, қолын пышақпен тіліп, ақша талап еткен.

"Балаларым, жандарым, сендерге ақшаны беремін, тек маған тиіспеңдер. Өтінемін, мен бәрін беремін", - деді жәбірленуші Анна Масянова.

Бүкіл үйді ақтарған қарақшылар 300 мың теңге, ұялы телефон, аң терілерінен киімдер мен шұлықтар алған. Содан кейін олар әженің қол-аяғын скотчпен байлап, кетіп қалған. Бұғаудан босап шыққан кейуана дереу көршілеріне барған. Солар полиция шақырды. 

"Менің ойымша, олар жергілікті тұрғындар немесе біреудің нұсқауымен келгендер. Дәл сол күні мен келуім керек еді. Келесі күні түскі аста мен осында болдым. Мен олардың табылып, заң бойынша жазаланғанын қалаймын", - деді жәбірленушінің ұлы Александр Масянов.

Щаповтағы тәртіп сақшылар бұрын-соңды мұндай қылмысқа кезікпегенін айтады. Тіпті 90-шы жылдары мал айдап кеткен, бірақ үйлеріне кірмеген. Бұл жағдайда қарақшылар кетіп бара жатып, шу болған жағдайда үйді өртеп жібереміз деп қорқытқан.

"Аталған факті бойынша 192-баптың 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеліп жатыр, Криминалдық полиция басқармасы мен Бәйтерек аудандық полиция қызметкерлерінен мобильді топ құрылды", - деді Бәйтерек аудандық полиция бөлімінің бастығы Сұлтан Шалдарбеков.

Қаскөйлерді бір аптадан бері іздеп жатыр. Олар 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

STAN.KZ
Жұма, 09 Қазан, 2020 07:50
Талқылау