Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қолымен шеге қақты": Қазақ батыры АҚШ-тағы таланттар шоуын шулатты (видео)

Қазақтың батыры Сергей Цырульников America’s Got Talent шоуының миллиондаған көрерменін таң қалдырды. АҚШ-та өткен таланттар шоуында ол қолымен тақтай мен табаға шеге соғып, қазақтың күш мәдениетін көрсетті. Ол америкалықтарды тағы немен таң қалдырғанын айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Сергей Цырульников жеке архивінен

39 жастағы астаналық Сергей Цырульников – төрт дүркін әлем рекордсмені, Гиннестің рекордтар кітабына енген және Қазақстанның алты дүркін рекордшысы. Алты ай бұрын оны America's Got Talent реалити-шоуына шақырды. Бұл 120 миллион көрерменді қамтитын әлемдегі ең танымал тележоба.

"Көбінесе қағаз жүзінде дайындық болды. Олардың күрделі келісімшарттары бар. Бәрі ұсақ-түйекке дейін жазылған. Барлық құқықтар компаниялармен қорғалған. Ешқандай ақпаратты жария етуге құқығым жоқ. Сондықтан мен АҚШ-қа барғанымды айттым”, – деді Цырульников. 

Лос-Анджелесте шоу қатысушысы шығармашылық менеджерлермен кездескен екен. Айтуынша, олар қандай өнер көрсететінін алдын ала сұраған.

“Қазақстанның күш мәдениетін көрсетемін” деп айттым. Олар көрсететін өнерімнің тізімін сұрады. Менде оның 70-тен астам түрі болды. Нәтижесінде Қажымұқан Мұңайтпасов пен Балуан Шолақтың дәстүрін ерекше атап өттім. Мақсат – әлемдік қауымдастықты қазақтың күш мұрасымен таныстыру”, – деді ол. 

Қазақстандық өнер көрсететін уақытын көп күткен. Бірінші турда әлемнің түкпір-түкпірінен 180 мыңға жуық адам өз өнерлерін ортаға салды. Ал Сергей Цырульников бірден екінші турға өткен. 

"Олар әрбір қатысушыны мұқият зерттейді: жеке деректер, әрекеттер, Интернеттегі жазбаларын қадағалайды. Біз жүргізуші Терри Круспен жақын араластық. Ол менің мықты болғаныма емес, "100 ауыл" әлеуметтік жобасын жүргізіп, балалардың спортпен шұғылдануына көмектескеніме құрмет білдірді. Сондай-ақ жобада негізін қалаушы Саймон Коуэлге таға сыйладым. Сосын Қажымұқан Мұңайтпасов туралы айтып бердім”, – деді ол. 

Шоу кезінде астаналықтың әрекетіне көрермендер мен қазылар алқасы таң қалды. Жалаңаш алақанымен шегелерді алдымен тақтаға, сосын табаға қақты. 

"Көрермендер, жүргізушілер мен қазылар алқасы мені жақсы қарсы алды. Қазақстандық жанкүйерлер еліміздің туын көтеріп жүрді, мұны көрсетпегені өкінішті. Хайни сахнаға көтерілді, мен оған шегеден жүрек жасап, сыйладым. "Хайни, әдетте шегеден жүрек сыйласа, ол сен маған үйленуің керектігіңді білдіреді" деп қалжыңдадым. Сосын қазылар алқасының екінші өкілі София: "Мен үйленбегенмін, саған үйленгім келеді" деп айқайлады”, – дейді Цырульников. 

Цырульников бәрі ойдағыдай өтпегенін де айтты. 

"Қолыммен шеге қағып жатқанда қолымды жарақаттап алдым. Әділқазылар мұның жақсы бағалады. Ешқандай жасандылық жоқ екенін айтты. Жергілікті күш адамдары біздің тағамызды екіге бөлгісі келді. Алайда қолынан келмеді”, – деді Сергей Цырульников

Қойылымнан кейін шоудың 38 қатысушысына бірауыздан "иә" деген жауап берілді. Олардың қатарында қазақ батыры да бар. Ол финалға өтті.

"Түсірілім 3 күнге созылды. Мені 12 сағат түсірді, бірақ экранда 3-5 минуттық түсірілім көрсетілді. Менімен бүкіл команда жұмыс істеді. Бұл үлкен тәжірибе болды. Шоудан кейін арнаға үш сұхбат берілді. Онда қазақ мәдениеті, салт-дәстүрі мен табиғаты туралы егжей-тегжейлі ақпарат бердім. Мен Қазақстанның ізгі ниет елшісі болдым”, – деді Сергей Цырульников.

АҚШ-қа барған қонақты қазақ диаспорасы да құшақ жая қарсы алып, гитарамен Абай тілінде ән шырқап берді.  Америкалықтар Қазақстан туралы аз естігендерін мойындады. 

Талқылау