"Қолыма қару алуға дайынмын": Колумбия президенті Трамптың қоқан-лоқыларынан кейін халқынан көмек сұрады
Фото: nbcnews.com
Колумбия президенті Густаво Петро АҚШ президенті Дональд Трамптың қоқан-лоқыларына қатысты пікір білдіріп, қажет болған жағдайда қару алуға дайын екенін мәлімдеп, халықтан қолдау сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ол бұл туралы Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлімдеді.
“Мен әскери адам болмасам да, соғыс пен астыртын күрес туралы білемін. 1989 жылғы бейбіт келісімнен бері қаруға қол тигізбеуге ант бергенмін, алайда Отан үшін, қаламасам да, қайтадан қару алуға дайынмын. Мен өз халқымa зор сенім артамын, сондықтан президентке қарсы кез келген заңсыз күш қолдану әрекеттерінен қорғауды халықтан сұраймын. Мені қорғаудың жолы – елдегі барлық муниципалитеттерде билікті өз қолына алу. Құқық қорғау орғандарына берілген бұйрық: халыққа оқ атпау, ал басқыншыға қарсы оқ ату”, – деп жазды Колумбия президенті.
Венесуэланы біз басқарамыз – Трамп мәлімдеме жасады
Венесуэла оппозициясының көшбасшысы өзін президент деп жариялап, әскерге үндеу жасады
Айта кетейік, 2025 жылдың желтоқсан айында Трамп Петродан Колумбиядағы есірткі өндірісін тоқтатуды талап еткен еді. Кейінірек АҚШ президенті оны кокаин өндірді деп айыптап, 2026 жылдың 3 қаңтарында Венесуэла президенті Мадуроға жасалған шабуылға ұқсас Колумбияға қарсы да әскери операция жүргізілуі мүмкін екенін мәлімдеді.
Еске салсақ, 2026 жылдың 3 қаңтарында АҚШ Венесуэла астанасына шабуыл жасап, ел президенті Николас Мадуро мен оның жұбайын ұстаған еді.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр