Көліктің үстінен ұшып, артқы әйнекке соғылған: Алматыда екі жаяу жүргіншіні қағып кетті
Алматыдағы Райымбек даңғылында екі жаяу жүргіншіні қағып кеткен көлік табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
№ 7 қалалық аурухана маңындағы жолдан өтпек болған екі жаяу жүргіншіні көлік қағып кеткен. Зардап шеккендер ауыр хәлде ауруханаға жеткізілді. Жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен. Алайда оқиға орнында көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірі қалып қойған.
Алматы облысының Қарасай ауданында жол-көлік оқиғасының белгілері бар BMW 5 сериялы автокөлік табылды. Көліктің артқы жағында екі жаяу жүргіншінің соқтығысу белгілері бар, олардың біреуі қақтығысу барысында көліктің үстінен ұшып барып артқы әйнекке соғылған.
Қазіргі таңда жол көлік оқиғасына қатысты тергеу жұмыстары жалғасуда. Көліктің кімге тиесілі екені әлі белгісіз.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”