Көлікті мас күйінде жүргізген: Павлодар облысында мектеп директоры 15 тәулікке қамауға алынған
Павлодар облысындағы ауылдық орта мектептің директоры автокөлікті мас күйінде жүргізгені үшін 15 тәулікке қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Директор 15 қыркүйекте ұсталды.
"Сот отырысында ер адам алкогольді ішпегенін түсіндіріп, өз кінәсін мойындамады. Сонымен қатар, сотта жүргізушінің дәлелдері сот-медициналық сараптаманың қорытындысымен, лауазымды тұлғаның түсіндірмесімен және полицейдің жетонындағы бейнежазбамен жоққа шығарылды", – делінген хабарламада.
15 тәулікке әкімшілік қамауға алудан басқа, директор жеті жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн