Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көліктерін тартып алған: Шымкентте кәсіпкерлерді бопсалаған қылмыстық топ ұсталды

Шымкентте екі кәсіпкерді қорқытып, олардан көлік бопсалағандар қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Шымкентте бопсалаушы топ екі кәсіпкерге күш қолданып, олардың көлігін заңсыз иемденіп алған.

Қалалық ПД-ның ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері арнайы операция барысында бопсалаушылар тобын құрықтады. Топ мүшелері – 20-40 жас аралығындағы азаматтар. Олардың басым бөлігі бұрын соңды бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Күдіктілер ұзақ уақыт бойы жергілікті екі кәсіпкерден қоқан-лоқы көрсету және күш қолдану арқылы ақша бопсалап, BMW мен ВА3-2114 автокөліктерін заңсыз иемденіп алған. Тексеру кезінде төрт атыс қаруы, оқ-дәрілерімен, есірткі құралдары және өзге де заттай айғақтар тәркіленді.

Полицияға 10 адам жеткізілді, оның ішінде топтың ең белсенді төрт мүшесі қамауға алынды. Қазіргі уақытта қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Талқылау