Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көліктерін жөндеудің орнына бөлшектерін шешіп алған: Алматылықтар техникалық жөндеу орталығына жаппай шағымданды

Алматылықтар көлік жөндеу орталығының иесін алаяқтық жасады деп айыптады. Адамдар көліктерін жөндеуге тапсырған, тіпті қызмет ақысын алдын ала төлеген. Бірақ орталық иесі көліктерді жөндеудің орнына олардың бөлшектерін алып тастағанын айтады. Кейбір клиенттерге көліктерін мүлде қайтармаған. Техникалық қызмет көрсету станциясы жұмысын жалғастырып жатыр. Ал ТЖО иесі наразы халықтың арызы негізсіз дейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Техникалық жөндеу орталығының жөнсіз қызметіне наразы жұрт оның аумағына кіре алмай жүр екен. Алданған жұрт екі жылдан астам уақыттан бері көліктерін сырлап, жөндеу үшін төлеген ақшасын қайтара алмаған. Әр адамнан ТЖО иесі 300 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін алған. Бірақ көліктер сол күйі жөнделмепті. 

“14 желтоқсанда 300 мың теңге алдын ала төлем жасап, көлікті алып келдім. Қажет қосалқы бөлшектерді сатып алдым. Керек-жарақты әкеліп, көлікті тапсырдым. Көлік жөндеу орталығының иесі "Үш апта бойы мені мазалама, көліктер көп. Саған үш аптадан кейін хабарласамын, көлік дайын болады" деп айтты. Ол сыйлық ретінде көлікке химиялық тазалау жүргізіп, жылтыратып беруге уәде етті. Көлік қазір осында тұр. Шамасы қызмет көрсету станциясында. Бірақ оны таппадым. Бүкіл аумақ жабық. Қазір көлік менікі емес”, – деді Нариман Насыров.

Өтебай Ерманов есімді азамат көлігін жөндеп, сырлау үшін оны көлік жөндеу орталығына тапсырған. Қызметтің толық бағасы 750 мың теңге болған. Ол оны төлеп те қойған екен. Алайда ол “бәрі бекер болып шықты” дейді. Себебі көлігі техникалық қызмет көрсету станциясының тұрағында тоғыз айдан бері тұр екен. Шетелдік көлік жөнделмеген. Керісінше, техникалық қызмет көрсету станциясының қызметкерлері көліктің бөлшектерін алып тастаған.

“Мен сатып алған фаралар жоқ. Бампер, радиатор, кондиционер жоқ. Шпаклевка жарылған. Олар ештеңе істемеген. 250 мыңға қосалқы бөлшектер сатып алдым. Ішінде қосалқы бөлшектер жоқ. Мұның бәрі ескі бөліктер. Менікі мүмкін ұрланған шығар, мүмкін қоймада жатыр. Егер ол жеті ай қоймада болса, ол оны тауып алар еді. Дұрыс па? Енді мен оны алып кететін шығармын, өйткені олардың әрі қарай бірдеңе істейтініне сенбеймін”, – деді Өтебай Ерманов. 

Клиенттер ТЖО иесі олардың әрқайсысымен келісім-шартқа отырып, алдын ала төлем сұрағанын айтады. Алданған халық ақшасынан да, көлігінен де айырылды. Кей көліктер жөндеу орталығының жанында жылдар бойы бостан бос тұрған. 

Жүргізушілер көлік жөндеуге арналған орталықты танымал сайт пен әлеуметтік желіден тапқанын айтады. ТЖО қызметкерлері акция аясында көлікті толық бояп беруге уәде берген екен.

“Мен оны Instagram мен ТikTok-тан көрдім. Жақсы пікірлер жазылған. Сөйтсек бұл пікірлерді өздері жазады екен. Әйтеуір көлікті алып үлгердік. Бірақ олар қосалқы бөлшектерді алып үлгеріпті, бірақ ақша босқа кетті. Ол "Мен сізге ақшаңызды қайтармаймын. Күтпеңіз" деп айтты”, – деді Тимур Қайрақпаев.

Қызмет көрсету станциясының иесі өз тұтынушыларымен ешқашан байланыспаған. Телефон арқылы сөйлескен ол барлық жұмыстың келісім-шарт бойынша жүргізіліп жатқанын айтқан.

“Олар сіздерге не себепті хабарласқанын білмеймін. Төлем аламыз. Жұмысты 100% орындаймыз. Мен артық ештеңе айта алмаймын”, – деді техникалық қызмет көрсету станциясының иесі Айбол Бакулиев. 

Полицейлер 10 адам арыз жазғанын айтады. Тәртіп сақшылары "Алаяқтық" бабы бойынша тергеу бастады.

“Қазір алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Істің объективті мән-жайларын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шараларының кешені жүргізіліп жатыр. Қазір барлық жәбірленушіден жауап алынып жатыр. Олардың саны 10-ға жетті”, – деді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек. 

Автосервис тұтынушылары зардап шеккендер көп дейді. Техникалық қызмет көрсету станциясымен арадағы мәселе екі жылға жуық уақыт бойы жалғасып келеді екен. Бірақ көбінің өтініші бастапқыда азаматтық құқықта қаралды. Алайда бұл жағдайда кінәліге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылмаған. Адвокаттар мамандандырылған ауданаралық сотқа жүгінуге кеңес береді.

“Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты – қылмыстық құқық бұзушылық фактісі анық болса да, прокурорлар мен полиция қызметкерлерінің әрекетсіздігі, қылмыстық іс қозғамағаны туралы істерді қарайды. Содан кейін жәбірленушілер Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жүгініп, өз құқығын сотта қорғай алады. Сот прокурорды шақырады, олар сізге неге қылмыстық істі қозғамай жатқанын түсіндіреді”, – деді заңгер Ғабит Өмірбеков.

Полиция қызмет көрсету станциясының тұтынушыларының шағымдарына жауап берді. Енді орталық иесінің кінәсі дәлелденсе, алаяқтық жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Талқылау