AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Көліктердің көпшілігі талапқа сай емес": Сарапшылар көлікті техникалық байқаудан өткізуді қатаң бақылау керегін мәлімдеді

Еліміздегі авто және эко сарапшылар автокөліктерді техникалық байқаудан өткізуді қатаң бақылауға алу керек екенін мәлімдеді. Олардың сөзінше, Көлік комитеті соңғы 10 жыл ішінде тек жемқорлыққа алып келген функцияны атқарып келген. Сондықтан Президент бұл мәселеге нүктені өзі қойсын деп хат жолдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап. 

техникалық байқау

Сарапшылар көлікті техникалық байқаудан өткізу үшін арнайы орынға бармай-ақ кемінде 1 500 теңге төлеудің қылмыс екенін айтады. Әрі бұған жол ашып берген комитет жауап беруі керек дейді. Олардың сөзінше, Көлік комитеті он жыл бойы техникалық қызмет көрсетудің осы саласын дамыту үшін жағдай жасай алмаған. Тек техникалық сынақтан өткізудің беделін түсіріп келген екен. 

"Техникалық байқаудан өту бір салық төлеу сияқты болып кеткен. Қазір көлігі бұзылғандар жөндеу орталықталықтарына барады, бірақ оларға ешқандай кепіл болатын сертификат берілмейді. Соны заңдастыру керек. Ескі көліктерден құтылуды ең тиімді жолы – халыққа қолжетімді бағада темір тұлпар алуға болатын арнайы бағдарлама жасау", - дейді "ЖАЛПЫ ЖОЛ" жол қозғалысы қауіпсіздігі қауымдастығының президенті Арсен Шакуров.



Арсен Шакуровтың сөзінше, халықты санатқа бөлмей автонесие рәсімдеуге мүмкіндік беру керек. Бірақ көлік тізгендегеннің бәрі несиені пайызсыз берсе де жаңа көлік ала бермейді дейді экологтар. Олар бұл үшін басқа тәсілді де қарастыру керек деген пікірде. 

"Алматыдағы 400 мың көліктің 40 пайызы техникалық талапқа сай емес. Көбі тауар тасып жүрген фирмаларға тиесілі. Ал қарапайым халықтан неге көлігіңіздің қозғалтқышын жөндемейсіз деп сұрасақ, отбасын әрең асырап жүргенін айтады. Сондықтан көлік жөндейтін орталықтарға мемлекет субсидия беру керек", деп мәлімдеді "KAZ ECO PATROL" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тимур Елеусізов.

Еімізде 3 миллионға жуық көлік жүргізушісі жыл сайын техникалық байқаудан өтуге бас-аяғы 13 миллиард теңге төлейді екен. Президентке хат жолдаған сарапшылар көлік құралдарын техбайқаудан өткізу тетігін мүлдем алып тастау дұрыс емес екенін де айтты.

Айта кетейік, бұған дейін депутаттар көлікті техникалық байқаудан өткізуді алып тастау туралы ұсыныс білдірген еді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр