Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шығын 14 миллиард теңге: Елімізде көліктерді жалған құжатпен тіркегендерге қатысты ауқымды тексеріс басталды

Қаржы мониторингі агенттігі Қазақстанда автокөліктерді әкелу схемаларына байланысты ауқымды тексеріс жүріп жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин

Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мемлекет көлік құралының шыққан жылына байланысты тіркеу алымдарының мөлшерлемесін төмендету арқылы елге жаңа жүк көліктері мен автобустарды әкелуді ынталандырады. Көліктердің көбі әлі де дизельмен жүреді және соның салдарынан ауаның ластану деңгейі артып келеді.

“Егер автокөліктің шығарылу мерзімі бес жылдан асса, онда 2500 АЕК төлеу керек, ал егер екі жыл толмаса, төленетін сома 0,25 АЕК-ке дейін қысқарады. Сондықтан кейбір жосықсыз азаматтар елге ескі және қауіпті жүк көліктерін, автобустарды жалған құжаттар бойынша әкелуге тырысып, шығарылған жылын ауыстырады. Тек анықталған деректер бойынша 2022-2023 жылдары сотқа дейінгі 23 тергеу басталды. Онда алдын ала есеп бойынша бюджетке 14,3 миллиард теңге залал келтірілген”, – делінген хабарламада.



Бүгінде мамандандырылған ХҚКО-ның 59 лауазымды тұлғасы мен мемлекеттік органдар қызметкерлерінің қатыстылығы тексеріліп жатыр.

“Көлік құралдарын заңсыз бастапқы тіркеудің негізгі схемалары анықталды. Алаяқтық схемаларды ұйымдастырушылар арнайы ХҚКО-ға бастапқы алымның ең төменгі мөлшерлемесін төлеу мақсатында шығарылған күні өзгертілген жалған түбіртектерді ұсына отырып, автокөлікті есепке қоюды жүзеге асырған. Кейбір жағдайларда тіркеу (2016 жыл бұрын) Egov порталы арқылы онлайн режимінде, жалған құжаттарды пайдалана отырып, ресми дилерден сатып алынған және жаңа КҚ ретінде алымдарды төлеу арқылы жүргізілген”, – деп мәлімдеді Қаржы мониторингі агенттігі. 

Халықаралық автомобиль тасымалдаушысының куәлігі берілген жағдайда бастапқы есепке қою алымды төлемей жүргізіледі. Кейбір жағдайларда тіркеу контрабандалық жолмен әкелінген көлік құралдарына құжаттардың барлық пакетін қолдан жасаумен жүзеге асырылды. Қаржы мониторингі агенттігі жүргізген талдау көлік құралдарын алғашқы тіркеуді арнайы ХҚКО қызметкерлері интеграцияланған ақпараттық жүйеге авто санаты туралы дәйексіз деректерді "қолдан" енгізу арқылы жасалғанын көрсетті.

“Автокөлік құралдарын бүкіл ел аумағында одан әрі заңсыз алаяқтық схемалар арқылы тіркеуді болдырмау мақсатында Агенттік ақпараттық жүйелерді айналып өтіп, деректерді “қолдан” енгізу мүмкіндігін болдырмау жөнінде шаралар қабылданды. Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ-мен бірлесіп, Мемлекеттік корпорация қызметінің қағидаларына заңнамалық деңгейде тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жұмыс істеліп жатыр”, – делінген хабарламада.

Бұған дейін Қаржы мониторингі агенттігі криптовалютамен заңсыз операция жүргізгендерді анықтаған еді.

Талқылау