Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Көлікпен жүріп, жолдың жайын көрмей ме": Аудандарды тікұшақпен аралаған Ақтөбе облысының басшысы елді ашуландырды

Ақтөбе облысының басшысы Оңдасын Оразалин аудандарды тікұшақпен аралаймын деп сынның астында қалды. Аймақ басшысының тікұшақтан түсіп келе жатқан суреті әкімдіктің ресми парақшасында жарияланған.

Мұны көрген жұрт қарап қалмады. Пікірлерін қарша боратқан. Әкім мінген тікұшақ кімге тиесілі? Облыс әкімінің сапарлары бюджетке салмақ түсірмей ме? Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Ақтөбе облысы әкімінің басын дауға қалдырған сурет осы. Онда Оңдасын Оразалиннің аудан әкімімен тікұшақ жанында тұрғанын көруге болады. Кейін баспасөз қызметі демалыс күндері аймақ басшысының Мұғалжар мен Байғанин аудандарына барғанын растады. Көптің ашуын тудырғаны - әкімнің іргедегі екі ауданға жолмен емес, әуемен барғаны болды. 

"Әкім халқына жақын болса... мен тіпті ол кісі өзімнің көлігімен тасыр едім, көрсін жолдың жайын... халықтың тұрмысын... ...аспаннан түскен адам болып жүреді..дым істемей"

"... тікұшақ санитарлық авиацианікі екенін ескерсек, дәл осы сәтте халі мүшкіл біреуді дереу емханаға жеткізу керек делік, ал оны әкім мініп кеткен... Әкімшілік қайда қарап отыр?".

Жұрттың ренжитін жөні бар. Мұғалжар мен Байғанинге апаратын жолдың жайын айтып, биліктегілерді құлаққағыс қылғаны бірінші рет емес. Шұрық-тесік жолды қанша жамағанымен нәтиже болмады. Сол жолда қаншама рет көлік аударылып, соңы қайғылы аяқталды. Осының бәрін әкім неге өз көзімен көрмейді дейді жұрт. 

"Тікұшақпен барғаны рас. Өйткені, шалғай орналасқан.Төтенше жағдайларда осындай жерлерге барады. Әрі шұғыл шешім қабылдау керек", - деді облыс әкімінің баспасөз хатшысы Ғани Жәпішов. 

-    Қандай шұғылдық туындады? Бір жағдай болды ма?

-    Сол күні болған жоқ. Бірақ, болған, алды қалай алынды, соның барлығын барып, көшпелі жиналыс өткізді. Арнайы заң жоқ облыс әкімі тікұшаққа мінбеу керек деген. Өткен жылдары облыс әкімі көптеген аудандарға шұғыл жерлерге ұшып барып отырған. 

Баспасөз қызметі тікұшақтың төтенше жағдайлар департаментіне тиесілі екенін айтты. Онда Оңдасын Оразалиннен бөлек көмекшісі, баспасөз хатшысы және видеоператоры болыпты. Ал тікұшақтың әрбір сапарына қаражат қайдан және қанша жұмсалатынынан баспасөз хатшысы хабарсызбын деді. Ал сол күні тікұшақпен кен орнында былтыр болған апатты жағдайдың алдын алу жұмыстарын қадағалауға барған. 

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев басылымдардың біріне берген сұхбатында «кейбір шенеуніктерге қарапайымдылық, адаммен қарым-қатынас орнату жетіспейді. «Әкім бол- халқыңа жақын бол» деген сөзді халық бекер айтпаған. Осы сөз оларға бойтұмар болуы тиіс» деген еді.

Айтар болсақ, 56 жастағы Оңдасын Оразалин Ақтөбе облысының әкімі қызметіне ақпан айында кірісті.
 

Талқылау