Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Көлікпен бірге батып кеткен": Атырауда Жайық өзенінен екі шетелдіктің денесі табылды

Атыраудағы Жайық өзенінен екі адамның денесі табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото бейнежазбадан алынған

Олар көлікпен суға батып, сыртқа шығып үлгермеген.

Марқұмдардің Өзбекстан азаматы екені анықталды. 42 және 52 жастағы қос шетелдік мұнайлы өңірге еңбек мигранты ретінде келген. Тәртіп сақшылары олардың құжаты түгел, заңды жұмыс істеуге рұқсаты болған дейді. Марқұмдардың бір-біріне туыстық қатынасы жоғын да анықтапты. Денелерінде зорлық-зомбылық белгілері байқалмайды. Соған қарағанда көлік суға кетіп, ішіндегі екі адам тұншығып өлді деген болжам бар. 

“Учаскелік полиция қызметкерлері аумақты тексеру барысында Жайық өзеніне бағытталған көлік ізін байқаған. Алайда ол көліктің шыққан ізін көрмегендіктен дабыл қағып, өзге қызмет түрлерін шақырған. Денелерінде ешқандай көзге көрінетін дене жарақаты жоқ. Алайда сот-медициналық сараптамасы тағайындалып, тергеу жүргізіліп жатыр”, – деді Атырау облысы ПД баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет. 

Талқылау