Көлік жүргізушісі үш жасар баланың өліміне айыпталуда
Үш жастағы баланың өліміне кінәлі көлік жүргізушісі 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қайғылы оқиға түнде Ақтауда орын алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана телеарнасына сілтеме жасап.
Ер адам демалыс базасынан ерлі-зайыптыны баласымен бірге қайтып әкеле жатқан. Жоғары жылдамдықта рөлді басқара алмай, металл қоршауға соғылған. Дәрігерлер бүлдіршіннің өмірі үшін дәл сол жерде күрескен. Бірақ өкінішке қарай, құтқара алмаған. Жеңіл көлікті отбасытанысы басқарған, мас күйде болмаған.
Белгілі болғандай, көлікте балалар автокреслосы болмаған. Ақтауға баланың анасы Оралдан, Каспий маңы қаласында жұмыс істейтін жұбайымен кездесу үшін келген.
"Жол-көлік оқиғасынан 3 жасар бала көз жұмды. Бұл фактімен Маңғыстау облысы полиция департаментінің Анықтау басқармасы айналысады. Сондай-ақ автотехникалық сараптама тағайындалды. Жүргізуші ешқайда кетпеу туралы қолхат жазып берген", - дейді Маңғыстау облыстық ПД баспасөз хатшысы Әйгерім Ибатуллаева.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
