Басты жаңалықтар
Көлік жүргізушісі қаза тапты: Астанада жантүршігерлік жол апаты болды
Астанада екі жеңіл көлік пен автобус соқтығысып, ауыр жол апаты болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, оқиға 20 наурыз күні сағат 20:30-да Қошқарбаев пен Жұмабаев көшелерінің қиылысында болған.
"Үш көліктің - Toyota, Audi және Iveco автобусы соқтығысып, жол-көлік оқиғасы болды. Салдарынан Toyota көлігінің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Бұл дерек бойынша соталды тергеу амалдары басталды", - деді елордалық полиция департаментінде.
Астана қаласының полиция департаменті өкілдері жолдарда барынша сақ болып, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.
Талқылау

"Әйелдерді ылғи ұрысқақ, долы, толық етіп көрсетеді": Қоғам белсенділері қазақ киносындағы әйелдің образы неге өзгермейтінін талқылады
Айгерім Құсайынқызы: "Отандық өнімдер әйелдің рөлін тұрмыстық шеңберден асырмайды

Алматыда күзетші мейрамханаға келген қызды сүйреп шығарып жіберген: Көпшілік ресторанға бойкот жариялады
The Theater қызды шығарып жіберудің себебі не екенін айтудан бас тартты