Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Көлік жүргізіп, WhatsApp-та отырған": Астана – Павлодар тасжолында жүргізуші жолаушыны жолда қалдырып кеткен

Желіде Астана-Павлодар тасжолында айдалада жолаушыны түсіріп кеткен такси жүргізушісінің видеосы пайда болды. Әйел жүргізушінің жол ережесін бұзғанын түсіргендіктен, ер адам оны түсіріп кетеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Видеодан скриншот

11 қарашада әйел Павлодардан Астанаға такси шақырған. Онымен бірге тағы үш жолаушы болыпты.

Айтуынша, жүргізуші көлікті 150-160 км/сағ жылдамдықпен айдап, телефонына қарап отырған. 

“Мен телефонды қоюын бірінші рет сұрағанымда, ол телефонды орнына қойды да, жемпірін шешіп, мен оны көре алмайтындай етіп, жүргізуші орнының артқы жағына іліп қойды. Содан соң телефонға қарауын жалғастырды. Бір сағаттан кейін мен тағы да ескерту жасадым. Ол жолаушылардың қауіпсіздігіне жауапты болғандықтан, телефонды алып тастауын өтіндім", – дейді әйел.

Сөзінше, жүргізуші жолаушының бұл сөзіне агрессивті жауап беріп, жол жиегіне тоқтап, одан түсуін талап еткен. Әйел болған оқиғаның бәрін видеоға түсіріп алған. Ал ер адам жазбаны өшіріп тастаса ғана оны апаратынын айтыпты.

“Бір жолаушы ұйықтап қалғанша, WhatsApp-та отырғаны жөн деп айтты. Жүргізуші менің өміріме екі рет қауіп төндірді. Жол ережесін бұзып, көлік жүргізді және мені жолда жалғыз қалдырды", – деді жолаушы.

Желі қолданушылары бұл жағдайға қатысты түрлі пікір білдірді.

“Егер қатты қорықсаңыз, өз көлігіңізбен немесе жүргізушіңізбен жүру керек, әйтпесе сіздің жағдайға ешкім бейімделмейді”, “Ұзақ жол жүргенде бәрібір ұйықтағың келеді,сол үшін назарын бұрып, қарағаны дұрыс. Бойжеткен, өз өмірің үшін қорықсаң, алға отыр да, жүргізушінің назарын аудар, сөйлес” деп бір топ желі қолданушысы жолаушы қызды айыптады.

“Жарайсыз, мен сізбен толықтай келісемін. Жүргізуші телефонға телмірсе, мен де қорқамын. Оған қарсы арыз жазыңыз, ол сізді қауіпті жерде жалғыз қалдырды”, Егер WhatsApp-та отырғысы келсе, жолаушыларды қабылдамай, қалаған жеріне барсын, бірақ такси қызметін көрсеткен кезде емес, ол тегін жүрген жоқ”, “Ең болмаса айыппұл салынсын немесе жүргізуші куәлігінен айыру керек”, “Жүргізушіні қорғап жатқандардың есі дұрыс па? Астана – Павлодар тасжолында күніне екі-үш апат болады”, – деді тағы желі қолданушылары.

Талқылау