Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көлік сатушы мен сатып алушы ХҚКО-да төбелес шығарды

Алматы полиция департаменті Саялы ықшамауданындағы аяусыз төбелеске қатысты түсініктеме берді. Оқиға мамандандырылған ХҚКО - да болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Видео интаграмдағы пабликтердің бірінде пайда болды. Кадрда жастардың жаппай төбелесі түсірілген. Ер адамның бірі қарсыланыс аяусыз тұрып жатқанын анық көрінеді. Куәгерлер жастарды ажыратуға тырысқан. Алматы полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты түсінік берді.

 

 

"Бұл факт бүгін (21 қазан - ескерту) Алматы Алатау ауданының аумағындағы мамандандырылған ХҚКО-да орын алды. Көлік сатушысы мен сатып алушы арасында кикілжің болыпты. Себебі анықталады", - деп хабарлады Алматы ПД.

Аталған факті бұзақылық бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. 

Талқылау