Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көлік полицейлері тараздық төрт тұрғыннан 29 келі есірткі тәркіледі

Көлік полицейлері тараздық төрт тұрғыннан 29 келі есірткі тәркіледі. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

фото: Polisia.kz

26 шілдеде көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері “Қарасора – 2023” жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында, қызметтік-іздестіру итімен Түрксіб станциясының өткелінде Мазда автокөлігін анықтап, тоқтатты.

Көлікте 39 жастағы көлік жүргізушісі және Тараз қаласының 3 тұрғыны болған. Тексеру кезінде автокөліктің жүксалғышынан ерекше иісі бар өсімдік тектес зат табылып, тәркіленді.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 29 келі 140 грамм, яғни аса ірі көлемдегі кептірілмеген марихуана есірткі заты болып шықты.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Қазіргі уақытта сот ұсталғандарға қатысты 2 ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
 

Талқылау