Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көлік министрі "Air Astana" рейстерін Fly Arystan-ға ауыстырған кезде билеттердегі айырмашылық өтелмейтінін айтты

Көлік министрі Марат Қарабаев "Air Astana" әуе компаниясының рейстерін Fly Arystan-ға ауыстыру кезінде билет бағасындағы айырмашылық өтелмейтінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Министрдің сөзінше, "Air Astanа-ның" эконом-класындағы жайлылық деңгейі Fly Arystan-да қамтамасыз етілген.

"Air Astana" әуе компаниясында бортқа қатысты қиындықтар туындағанда, күту уақытын азайту үшін олар қол жетімді басқа бортты пайдаланады. Fly Arystan Air Astana құрылымына кіретінін білесіздер, яғни олар өздерінің қосымша ұшақтарын пайдаланады, Fly Arystan-ның 11 ұшағы бар. Билеттердегі айырмашылықтар қайтарылмайды. Біріншіден, "Air Astanа-да" эконом-кластағы орындар бірдей. Екіншіден, "Air Astan-дан" Fly Arystan-ға рейс ауыстырылғанда, Fly Arystan міндетті түрде азық-түлікпен қамтамасыз етеді және тамағы тегін болады. "Air Astanа-ның" эконом-класындағы жайлылық деңгейі Fly Arystan-да қамтамасыз етілген", – деді министр.

Ол Fly Arystan-да бизнес-класс болмағандықтан, баға айырмашылығы жолаушыға қайтарылатынын айтты.

"Ал пайдаланушылар кешіктірілген әрбір сағат үшін билет құнының 3%-ын алады", – деді Қарабаев.

Талқылау