AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көлігінен түсе салып, билей жөнелген Алтынай Жорабаева жұртты күлдірді (видео)

Қайрат және Заңғар Нұртастың орындауындағы My Universe әні тыңдармандар арасында екіжақты пікір қалыптастырған болатын. Олардың бір тобы үнемі ізденісте жүретін хитменді қолдаса, екіншілері ағылшынша әнді акцентпен орындағаны үшін сынады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі.

Ал әріптестерінің басым бөлігі Қайрат Нұртасқа қолдау білдірген еді. Олардың қатарында Айдарбековтер жанұясының жақын досы, әнші Алтынай Жорабаева да бар.

Күні кеше Жорабаева Қайрат пен Заңғардың әніне заманауи челлендж түсірді. Видеода өнер иесі көлігінен түсе салып, билей жөнеледі.

Желі оқырмандары Алтынай Жорабаевадан дәл мұндай қылық күтпегендерін, видеоны көргенде қатты таңырқап қалғандарын жазған.

Ал жұрттың сынына қалған әншінің бұл тақырыпқа қатысты өз айтары бар:

“Жай, көңіл күйім керемет болып тұр. Өте еңбекқор, қарапайым Қайрат мен үшін номер 1”.

Айта кетейік, елімізде соңғы кездері “ессіз флешмоб” сәнге айналған. Аталған челленджге қатысқысы келген адам жүріп бара жатқан көліктен түсіп, билей жөнеледі. Бұған дейін, ҚР ІІМ әкімшілік полициясы комитетінде Kiki Challenge флешмобына қатысты пікір білдірген еді.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр