Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бөліп төлеу арқылы көлік сатпақ болған қазақстандық ақшадан да, көліктен де айырылып қалды

Астаналық көлігін сатамын деп алаяқтарға алдандыФото: pixabay.com

Астана тұрғыны көлігін бөліп төлеу арқылы сатқаннан кейін алаяқтың құрбаны болды. Ол полицияға шағымданып, көліктен де, ақшадан да айырылғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Зардап шегушінің айтуынша, былтыр қараша айында ол өз көлігін сатуға қойған. Сатып алушы тез табылып, төлемді бөліп төлеуді ұсынған. Тараптар келісімшарт жасасқанымен, көп ұзамай сатып алушы байланысқа шықпай, көлікпен бірге ғайып болған. Жарты жылдан астам уақыт бойы жәбірленуші бұл мәселені адвокаттар арқылы шешуге тырысқан. Алайда нәтижесіз болған соң полицияға жүгінген.

Жедел-іздестіру шаралары барысында Нұра ауданының криминалдық полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. Ол 31 жастағы ер адам болып шықты. Тергеу деректеріне сәйкес ол алаяқтық жолмен көлікті иемденген. Келтірілген шығын көлемі шамамен 7 миллион теңге болды.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция азаматтарды мәміле жасаған кезде сақ болуға, бейтаныс адамдарға сенбеуге шақырады. Күдікті әрекеттерге тап болған жағдайда бірден 102 нөміріне хабарласу керек.


Жамбыл облысында ерлі-зайыпты арзан ыдыс-аяқ сатып, 200-ден астам адамды сан соқтырды


"Шығын сомасы 100 миллион теңгеден асқан": Еуропадан жүк көліктерін алмақ болған алматылықтар алданып қалды


Еске салайық, бұған дейін Алматыда Корея мен Грузиядан көлік жеткізіп беремін деп уәде берген алаяқ ұсталды. Ол бірнеше адамнан жалпы сомасы 145 млн теңге жинап алып, кейін Ресейге қашып кеткен. Тергеу барысында оның уәде еткен көліктерге Кореядағы зауытқа мүлде тапсырыс бермегені анықталды. Алаяқ адамдардың сеніміне кіріп, фото, VIN-код көрсетіп, келісімшарт жасасқанымен, кейін түрлі сылтаумен қосымша ақша талап еткен.

Айым Атамбаева
Дүйсенбі, 28 Шілде, 2025 14:59
Талқылау
`