Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көлгінов пара алған елордалық аудан әкімі үшін қызметінен кете ме

Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департамент өкілдері Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов пара алды деп айыпталған елордалық Байқоңыр ауданының әкімі Асқар Есіловтың қылмысы үшін жұмыстан кетпейтінін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Нұр-Сұлтанның әкiмi қанша жалақы алады

«Ол уақытта қала әкімінің отсавкаға кетуін көздейтін заңдағы өзгерістер қолданысқа енгізілмеген болатын. Сондықтан бұл тетік елорда әкімінің отставкаға өтініш беруі үшін қолданылмайды деп санаймыз», - деді ҚР МҚІА Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаментінің директоры Ерлан Сапаров.

«ҚР мемлекеттік қызметі туралы» Заңның мемлекеттік қызметшілердің жауаптылығы мәселесі бойынша ережелері 2019 жылдың 10 желтоқсанында қолданысқа енгізілген. Оған сәйкес, облыс, республикалық маңызы бар қала немесе астана әкімдері өзінің орынбасары, өзіне тікелей бағынышты мемлекеттік саяси қызметші, аппарат басшысы не аудан (облыстық маңызы бар қала), қаладағы аудан әкімі сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған кезде отставкаға өтініш беруі тиіс.

Бұған қоса, заңда қарастырылған мәселе кімдерге қатысты екендігі аталып өтті. 

"Орталық мемлекеттік органның басшысы (министрлер, агенттіктердің төрағалары, Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың төрағалары) өзінің орынбасары, өзіне тікелей бағынышты мемлекеттік саяси қызметші, жауапты хатшы, аппарат басшысы не орталық мемлекеттік органның облыстық, республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың аумақтық бөлімшесінің басшысы сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған кезде отставкаға береді", - деді Ерлан Сапаров.

Еске салайық, 2020 жылдың 17 ақпанында Есіл ауданы №2 аудандық сотының үкімімен Нұр-Сұлтан қаласы «Байқоңыр» ауданының бұрынғы әкімі Асқар Есілов 515 000 теңге тұратын ұялы телефон түрінде пара алғаны және футбол алаңдарының құрылысы бойынша қосалқы мердігерлік жұмыстарды алуға жәрдем бергені үшін (ҚК 366-бабының 2-бөлігі) айыпталған болатын. 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Демалыс кезінде үйінде болған": Семейда 14 жастағы жасөспірімнен коронавирус анықталды

Науқас - 2006 жылы туған, Семей қаласының тұрғыны

Өскеменде кәсіпкерлер әкімдікке баса көктеп кірмекші болды

Олар рұқсаттама ала алмағандарына ызаланды

Алматыда жезөкшелердің қызметін ұсынған монша анықталды

Саунаны криминалдық полиция тапқан

Қазақстанда алғаш рет жүргізуші мас күйінде ЖКО себепкері болғаны үшін 4 жыл түрмеге қамалды

887 мың қазақстандық 42 500 теңге жәрдемақы алуға өтініш берген

Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев мәлімдеді

"Подъездің есігін құлыптап, тек саңылау қалдырған": Ақтау әкімдігі желіде тараған суретке түсініктеме берді

Әкімдік: "Әлеуметтік желілерде және түрлі басылымдарда бір суретке негізделген жалған ақпарат тарап жатыр"

"Көмек емес, пайдакүнемдік": Қазақстандықтар несие мерзімін кейінге шегеру шарттарына наразы

Заң форс-мажор болса да, сыйақыны есептеуді тоқтатуға мүмкіндік бермейді

Бұрынғы күйеуі бетін пышақпен тіліп тастаған: Ақтөбелік әйел халықтан көмек сұрады

Олардың ажырасқанына екі жыл болған

Ақтөбеде, Қызылордада және Шымкентте болған: Қазақстандық жүк көлігінің жүргізушісі коронавирустан көз жұмды

Ол сапарда баласымен бірге болған

"Жұмыс жабылды": Ақшаға мұқтаж қазақстандықтар 42500 теңге үшін бірнеше сағат бойы кезекте тұрды

Олардың ішінде жаға жыртысып, төбелескендер де бар
Çàãðóçêà...