AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Көлеңкелі" сызбалардың артында көбінесе ықпалды адамдар тұрған – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі

Қазақстандағы "көлеңкелі" сызбалардың артында көбінесе өз табысын шетелде жасырғысы келген ықпалды адамдар тұрған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің төрағасы Олжас Бектенов осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

комир темир жол

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алқа мәжілісінде Бектенов жалпы құны 57 миллиард теңгені құрайтын 600-ден астам теміржол трассасының мемлекеттік бақылауға алынғанын айтты.

"Әңгіме "соңғы шақырым" деп аталып кеткен жол туралы болып отыр. Келтірілген зиянды өтеуден бөлек, әлеуметтік-экономикалық әсері де бар. Мәселен, теміржол тасымалдаушылары үшін тарифтер 14 есеге – 2200 теңгеден 147 теңгеге дейін төмендеді. Мұндай "көлеңкелі" сызбалардың артында көбінесе көлеңкелі кірістерін шетелде жасырып жүрген ықпалды адамдар тұрған", - деді Бектенов.



Оның айтуынша, экономикалық ресурстарды заңсыз шоғырландыруға және оларды мемлекет меншігіне қайтаруға қатысты істерді тергеу ерекше бақылауға алынған. Қабылданған шаралардың нәтижесінде мемлекетке 430 миллиард теңге немесе 1 миллиард долларға жуық активтер қайтарылған.

Бектенов сонымен қоса, Оператор РОП-тың ісі бойынша "толығымен мемлекетке қайтарылып, әлеуметтік мақсатқа жұмсалған" 180 миллиард теңгеден астам қаржының ұрлануының алдын алғанын да атап өтті.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр