Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қолданбасақ та, ақша жеп жатыр: «Қазақтелеком»-ның тұтынушылары компаниямен соттаспақшы

«Қазақтелеком»-ның қызмет сапасына көңілі толмайтын кейбір алматылықтар, компания негізсіз қалтамызға қол салып отыр дейді. Айтуларынша, интернетті пайдаланбаса да, компания түбіртек жіберуін тоқтатпаған, деп хабарлайды Stan.kz ақапарат агенттігі Информбюроға сілтеме беріп.

Өтінішіміз тым ұзақ қаралады деген олардың шағымымен "Қазақтелеком" келіспейтінін алға тартып, тұтынушыдан түскен әр өтінішті сол күннен қалдырмай қарастырамыз деп отыр. 

Үйдегі интернетті өшіру үшін, Әсел Әшімова осыдан 4 ай бұрын "Қазақтелеком"-ның сайтына өтініш қалдырдым дейді. Соған қарамастан, компания ай сайынғы төлемді жасаңыз деп үздіксіз хабарлама жіберуін тоқтатпады деп отыр. Кері байланысқа бір рет те шықпаған «Қазақтелеком"-ға ақыры өзі барған тұтынушыға, менеджерлер уақытында төлем жасамағаныңыз үшін өсімпұлды да қоса төлеуге міндеттісіз депті.

"Модемді тапсырып кетейін десем, қабылдамайды. Сіз төлеу керексіз дейді. 24 мың шыққан сондағы біздің 3 ай қолданбағанымыз үшін. Мен не үшін төлеймін, егер менде сигнал болмаса. Онда тек сот арқылы ғана төлеуге мәжбүр боласыз дейді", - дейді Алматы қаласының тұрғыны Әсел Әшімова. 

Ал Айзада Ердәулетқызы «Кселл» компаниясы арқылы ұялы телефонды бөліп төлеуді рәсімдей отырып, актив желісін 1 жыл уақыт тегін пайдалануға қуана келіскен. Бірақ мегаполистің Бостандық ауданында тұратын оның үйінде интернет мүлдем ұстамайды екен. Компанияға шағымын айтса, әлі бір ай уақыт қарастырамыз депті.  

"Ол жақта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, интернет желісі ұстамайды деген жауап келетін болса, онда сіз келісім шартты бұза аласыз деген жауап келді маған. Ал егер оларда интернет желісі жақсы жұмыс істейді деген анализ болатын болса онда мен ешнәрсе жасай алмайды екенмін. 
Ал компания бір ай емес, бір-ақ күннің ішінде тілшілерге бұл ауданда ешқандай желілік ақау жоқ деп жауап қатты", - дейді Алматы қаласының тұрғыны Айзада Мұзарап.

Сарапшы Владимир Төреханов интернет сапасының көп қабатты ғимарат ішінде нашар ұстауына, өзге де фактор әсер етуі мүмкін дейді.

"Ғимарат ішінде интернеттің нашар ұстауына сол нысанның жанына салынған өзге де биік ғимараттар әсер етуі мүмкін. Тіпті, ғимараттың қабырғасы мен терезесінің сапасы да айтарлықтай әсер етеді. Егер үйде желі жөнді ұстамай, аулада жақсы қосылса, онда компанияның кінәсі жоқ деп ойлаймын", - дейді Қазақстандық автоматтандыру және роботты техника қауымдастығының президенті Владимир Төреханов.  

Айзада Мұзарап интернеттің сыртта да, яғни өзі тұратын көшеде мүлдем ұстамайтынын айтып отыр. Ал Әсел Әшімованың неліктен сайт арқылы жіберген өтініші қабылданбағаны белгісіз.

"Қазақтелеком" мамандары өтініш абонеттен түскен күні қарауға қабылданады деп отыр. Әбден әбігерге түскен қос тұтынушы енді пайдаланбаған интернет үшін компания ақы сұрауын доғармаса, соттасуға дейін барамыз дейді. 
 

Талқылау