Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қолдан жасалған құрғақшылық": Жамбыл облысының тұрғындары су тапшылығына әкімдік пен кәсіпкерді кінәлауда

Қордай ауданының тұрғындары құрғақшылықты қолдан жасап отыр деп әкімді пен кәсіпкерге наразылықтарын білдірді. Айтуларынша бір кездері жасыл желекпен жайқалған ауылдарында қазір мал түгілі адам ішетін су тапшы екен. Бұған кінәлі де арықтарды бітеп отырған кәсіпкер деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап. 

Жұртшылық 20 жылдан бері бұл аймақта төрт түлік түгілі адам ішетін судың тапшы екенін айтады. Өйткені сарқын су толуы тиіс арналардың бәрі бірдей бітелген екен. 

“Біздің ауылда бұрын жасыл желек пен ағаштардан үйлер көрінбейтін. Қазір енді тек қураған қара ағаштар ғана қалды “,-  деді тұрғын Майдан Әмірқұлов.

“Мал да сусыз, бау-баша да сусыз, адам да сусыз. Мінекей шөптің жағдайы мынау. Тұрмысымызға мүлдем қиын боп тұр“,- деді тұрғын Ақылбай Мүңкібаев.

Арыққа судың келмеуі жағдайды нашарлатқан. Ал жер асты суы да уақыт өте кеміп барады екен. Кезінде жерден жеті метрден шығатын тіршілік көзі қазір он үш метрден әрең табылады екен. Мұндағы тұрғындар бұл жағдайға әкімдік пен кәсіпкерді кінәлауда. Себебі арығы бар жер 15 жыл бұрын жекеге өткен. Ал кәсіпкер оны бітеп отрнына комерциялық нысандар салмақшы. 

Ал кәсіпкер жерді заңдастырған тұлғаларға кінә артты. Айтуынша арықтар картада көрсетілгенімен акт құжатында болмаған. 

“Құжатта арық жоқ. Сол үшін су бола ма деп сұрағанымызда болмайтынын айтқан еді. Өйткені жаңа үйлер соғылып, жүйе бұзылды”,- деді Саят Жетібаев. 

Кәсіпкер енді тұрғындар талабына сай өз қолымен бітеген арықтарды қайта тазартпақ. Әкімдік те су жіберу жұмыстарына кіріскен. 

“Ол арықты мұндай күйде емес, қазіргі талаптарға сәйкес ауылға жеткізуге келіссөздер жүргізіліп жатыр”,- деді Қордай ауылы әкімінің орынбасары Әнуар Әбсейітов.

Жақын арада жауапты орган өкілдері келіп, су бағытын қайта сызады. 

Талқылау