Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қоладан емес, жезден жасалған": Алматыдағы Ыбырай Алтынсариннің ескерткіші тапсырыс жоспарына сай келмейді

"Адалдық жолы" Алматыдағы екі жыл бұрын тұрғызылған Ыбырай Алтынсариннің ескерткіші мемлекеттік тапсырыс жоспарына сай келмейтінін айтып, тексеріс жүргізуді талап етті деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Еуразия” арнасына сілтеме жасап.

ыбырай алтынсарин

Айтуынша, ескерткіш қоладан емес, жезден жасалған әрі тұғыры жоспарланғаннан екі есе төмен. Мұны Әділет министрлігінің сот сараптамасы институтының тексерісі де растады. Ал жобаға шамамен 70 миллион теңге жұмсалды.

“Мемлекеттік сатып алу рәсімдері бойынша мәлімделген техникалық шарттар бойынша жоғары сынамалы қоладан жасалуы тиіс. Ал жез қасиетін жоғалтып, тотығуда. Ескерткіш құжаттамаға мүлде сәйкес келмейді”, – деді “Адалдық жолы” қоғамдық қозғалыс филиалының директоры Бауыржан Мақұлбаев.

Қалалық мәдениет басқармасының мәлімдеуінше, 2021 жылы қыркүйекте Мәдениет тарихындағы ескерткіштерді қорғау жөніндегі комиссия ескерткіштің көлемін азайту туралы шешім қабылдаған. Себебі мүсін биіктігі ғимарат биіктігімен сәйкес келмейді. 

Осыған қатысты шенеуніктер экономикалық тергеу департаментіне қосымша тексеріс жүргізу туралы өтініш білдірді.

Талқылау