Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қоқыс жәшігінен табылған нәрестенің анасы ұсталды

Қоқыс контейнерінен табылған нәрестенің анасы 18 жаста болып шықты. Оқиға Қарағанды облысына қарасты  Кеңгір ауылында болған еді.

балақайййй

Бұл туралы Қазақстан жаңалықтары жазған.

«Баланың анасы табылды. Ол 18 жастағы қыз екен. Қазірге  толық ақпарат бере алмаймыз»,-деген Қарағанды облысының ІІД баспасөз қызметі.

Бұған дейін  17 мамыр күні жаңа туған сәбидің қоқыс жәшігінен табылғанын жазған болатынбыз. Баланы сол маңда тұратын азаматтар дауысынан біліп, аман алып қалған еді. Қазір осы мәселе бойынша «Қасақана өлімге итермелеу» бабы бойынша сот алды тергеу жұмыстары басталды.

Жезқазғандағы перзентхананың балалар бөліміне жеткізілген нәресте  23-24 апталық кезінде туылған. Қазір баланың денсаулық жағдайы ауыр хәлде екенін айтады  дәрігер Каукен Жақсыкелдиева. Ол баланың денсаулығы  мұндай жағдайға душар болуына суықта ұзақ жатып қалғанын себеп деген.

Ұқсас материалдар:

Жамбылда жаңа туған сәбиін әжетханаға тастап кеткен ана ұсталды.

Астанада жатақхана алдына нәрестесін қалдырып кеткен ана ұсталды.

Талқылау