Көктайғақ, дауыл: Қазақстанның төрт облысында дауылды ескерту жарияланды
Республиканың бірнеше облысында дауыл туралы ескерту жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
17 қазанда Ақмола облысында түнде 15-20 м/с, күндіз оның басым бөлігінде 15-20, екпіні 25 м/с болатын оңтүстік-батыстан жел соғады.
Нұр-Сұлтанда 17 қазанда таңертең және күндіз оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болмақ. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90%-ды құрайды.
Нұр-Сұлтанда 18 қазанда күндіз ауа температурасының күрт төмендеуі 6-8 градусқа дейін күтілуде, күндіз одан әрі төмендейді.
18 қазанда Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі.
Оңтүстік-батыстан соққан жел, солтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде 15-20 м/с. Күндіз ауа температурасы 2-10 градусқа дейін күрт төмендейді.
Талқылау