Көкшетаулық отбасы Қазақстанның мемлекеттік кеңесшісіне бейнеүндеу жолдады (видео)
Көкшетауда Сиухиндер отбасы Қазақстанның мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин, Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановқа және бас прокурор Берік Асыловқа бейнеүндеу жолдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Көкшетау Азия" басылымына сілтеме жасап.
2016 жылдың қыркүйегінде 20 жастағы ұлдары Александр мерт болған. Оны Көкшетауда жанжал кезінде танысы өлтірген. Содан бері Сиухиндер әділдік таппай келеді.
"Баламның өмірін қиған ол бес жылдан бері ешқандай жазаға тартылмады. Құқықтық жүйенің дұрыс еместігінен, тергеу мен сотттың дұрыс жүргізілмеуінен ол бостандықта...
Әділеттілікке қол жеткізу мүмкін емес екенін түсінген соң сізге бұл жағдайға араласып, отбасымыз үшін өзге де ауыр зардаптарының алдын алуды сұраймыз", – делінген үндеуде.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”