Көкшетаулық қыздың шотынан 600 доллар жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен

Көкшетаудың 24 жастағы тұрғыны алаяқтардың құрбаны болды, оның мобильді қосымшасынан 600 доллардай қаражат жоғалып кеткен. Кейін ақшаның Оңтүстік Африкаға аударылғаны анықталған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ақмола облысы полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, Көкшетау қаласының полиция қызметкерлері ұрлықтың мән-жайын анықтау бойынша жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.
Жәбірленушінің мәлімдемесіне сәйкес, 17 сәуірде оның шотынан 600 АҚШ доллары жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен.
"Ал арызданушының өзі ешқандай банк операцияларын жүргізбеген, ешкімге ақша аудармаған, телефонына да белгісіз абоненттерден қоңырау түспеген", - деп атап өтті Ақмола облысы полиция департаменті өкілдері.
Бастапқы жедел іс-шаралардан кейін шоттағы сома үш транзакция бойынша Оңтүстік Африкаға аударылғаны анықталған.
Қазір полиция қызметкерлері жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен ақшаға қатысты мән-жайларды анықтап жатыр.
"Тарифтер өсіп, мобильді аударымдарға бақылау күшейеді": 1 сәуірден бастап Қазақстанда не өзгереді
Сәуір айында болатын өзгерістерге шолу жасадық
Полиция бастығының қызы Олжас Сүлейменовтің немересін қалай қағып өлтірді: Қазақстандағы тағы бір атышулы жол апатын еске түсірейік
Үйленуді жоспарлап жүрген Ескендір Сүлейменов 26 жасында өмірден өтті