Көкшетаулық әжей карантиннің кесірінен немерісін жоғалтып алды

Полицейлер Көкшетау тұрғынының із-түзсіз жоғалып кеткен 25 жастағы немересін тапты. Оның Қостанайда жұмысқа орналасқаны белгілі болды, бірақ карантинге байланысты үйіне орала алмаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

әже

2020 жылдың қаңтар айында Көкшетау полиция басқармасының кезекші бөліміне 69 жастағы жергілікті тұрғын жүгінді. Әйел өзінің 25 жастағы немересін жоғалып кеткенін хабарлады.

Зейнеткердің айтуынша, қаңтарда жігіт Степногорск қаласына жаңа жұмысқа аттанып, қайта оралмаған. 

"Жоғалған адам туыстарының қоңырауына жауап бермейтіндігін ескере отырып, тергеушілер жоғалып кеткен адамға бағыт-бағдар жинап, оның нақты мекен-жайын анықтаған. Бірақ әжесі оны білмеген. Сондай-ақ, жоғалып кеткен адамның баруы мүмкін жерлері мен байланыстары тексерілді", - деп нақтылады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Нәтижесінде хабар-ошарсыз жоғалған адам Қостанайдан табылды.

"Белгілі болғандай, ер адам көрші облысқа жұмысқа тұрып, карантиндік іс-шараларға байланысты үйіне баруға мүмкіндігі болмаған", - деп түсіндірді полиция департаменті.


 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр