Көкшетаудағы ата-анасына коронавирус жұқтырған елордалық дәрігер көз жұмды
Көкшетауға демалысқа барып, ата-анасына коронавирус жұқтырған елордалық дәрігер көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Ақмола облысының бас санитарлық дәрігері Айнагүл Мусина айтып берді. Ата-анасына екі апталық демалысқа келген дәрігер вирусты отбасы мүшелеріне жұқтырған. Нәтижесінде дәрігердің ата-анасы және өзі ауыр дерттен көз жұмды.
"Баласы келгеннен кейін әкесі ауруханаға түседі. Ер адам қан ұйығаннан қайтыс болды. Осыдан кейін коронавирус анасына да жұққаны белгілі болады. Әйел де қайтыс болды. Жақын арада ауыр дерттен дәрігердің өзі де көз жұмған. Қазіргі уақытта оның әпкесі де коронавируспен ауырып жатыр, оның жағдайы орташа деп бағаланады. Жұмыстағы досы мен құрбысы да вирусты жұқтырып алған. Демалысқа бірге келген досының да барлық отбасы мүшелерінің тесті оң нәтиже көрсетті", - деді Айнагүл Советқызы.
Осылайша, дәрігер және оның отбасы коронавирус індетінен жан тапсырған. Қазіргі таңда ер адамның әпкесінің де жағдайы орташа.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
