Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көкшетаудағы "Алтынтау" кенішінде жұмысшыны бір тонналық кен салынған қап басып қалды

Көкшетау іргесіндегі "Алтынтау" кенішінде жұмысшы қайтыс болды. 48 жастағы азаматты салмағы бір тоннадай кен салынған қап басып қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап.

Жұмысшы кен өңдейтін қоспалар салынған алып қаптарды жылжымалы кранмен бір өзі тасымалдап, арнайы орынға жеткізіп тұрған.19-шы қап келіп жеткенде кенеттен құлдилап төменге құлап, төменде пультте отырған жұмысшыны жаншып тастаған. Жылжымалы техниканың кілт тоқтап қалғанын байқап, дереу жеткен жұмысшылар оператордың мәйітін ғана алып шықты. 

“Қазір еңбек инспекторлары мен өндірістегі қауіпсіздік өкілдері тексерісті бастады. Кен салынған қаптың қалайша құлап кеткенін әзірге айта алмаймыз. Сараптама тағайындалып, жылжымалы техниканың жағдайы да тексеріледі”, –дейді Ақмола облысы еңбек инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары Дүйсенбек Баймусинов.
 

Дана Русланқызы
Дүйсенбі, 13 Маусым, 2022 19:46
Талқылау