Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көкшетауда "зорланған" қыз оқиғаның шын мәнінде қалай болғанын айтты

Желіде Көкшетау қаласындағы қызды құтқарып жатқаны жайлы видео таралуда. Пікірлерде "құтқарушы жігіт" жәбірленушіге дер кезінде көмекке келіп, зорлықтың алдын алғаны айтылған. Алайда қыз оқиғаның шын мәнінде қалай болғанын айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Стористе қыз оқиғаның егжей-тегжейін айтып берді. Қыз бен жігіт арасында жанжал орнаған. Алайда зорлау әрекеті жайлы ақпаратты ол жоққа шығарған. Сондай-ақ, қыз көмекке келген қамқор адамдарға алғысын білдірді.

Оқиға туралы Ақмола облысы полиция департаментінде түсіндірді:

 "2020 жылғы 9 қарашада 1:19-да Көкшетау қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне Баймұқанов көшесіндегі пәтерлерінің бірінде түнгі уақытта тыныштықты бұзып, қатты музыка қосылып тұрғаны хабарланған.  

Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары 9 қарашада сағат 19.00 шамасында 18 жастағы қыздың 21 жастағы досының үйіне келгенін, онда олар алкоголь ішіп, кальян шеккенін анықтады. Әңгіме барысында қыз бен жігіт арасында жанжал туындаған. Осыдан кейін 21 жастағы жігіт оны бетіне ұрған. Қыз айқайлап, көмек сұрай бастаған. Жігіттің айтуынша, ол мас болғандықтан, оны үйіне жібергісі келмеді. Полицейлер жігітке қатысты үнсіздікті бұзғаны үшін ӘҚБтК-нің 437-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Сонымен қатар, полиция қызметкерлері қызға сот-медициналық сараптамадан өтуді ұсынды", - деді полиция.

 

STAN.KZ
Сәрсенбі, 11 Қараша, 2020 14:56
Талқылау