Көкшетауда жел қондырғылары пайда болды

Қазақстандағы жел энергетикасы қарқынды дамуын жалғастыруда. Шұғыл континентальды климатымен танымал Ақмола облысы жаңартылған энергия көзі ретінде қатты желдерді жиі қолдану үстінде, деп хабарлайды Ішкі саясат басқармасы.

жел

Бүгінде облыс орталығының маңында да жел электростанциясы құрылысының инвестициялық жобасы іске асырылды. Красный Яр ауылының ипподромында қуаттылығы сағатына 3,7 МВт болатын 5 жел генераторы орнатылған.

Жел паркі телімінің басшысы Асхат Жақсыбергеновтің айтуынша, әр қондырғы толық электр қуатымен 750 кВт өндіре алады.

«Қалыпты жел жылдамдығында олар сағатына шамамен 600 кВт өндіреді. Орташа есеппен 1500 жеке үй секторын жасыл электр қуатымен қамтуға болады. Қазіргі уақытта қуаттылығы 750 кВт болатын тағы 7 жел генераторлы қондырғы орнатылуда, оны 2020 жылдың соңында пайдалануға береміз. Жалпы, облыс орталығына 12 жел генераторының қуаты жеткізілетін болады», - дейді маман.

Компания мұнымен тоқтап қалмайды. Келесі жылы қуаттылығы 1600 кВт болатын тағы 11 жел генераторын салу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, Красный Яр ауылының маңындағы сол ауданда үлкен қосалқы станция салынады.

Еске сала кетейік, нысанның құрылысы екі жыл бұрын басталған болатын. Жобаны іске асыру барысында 7 жұмыс орны құрылып, 1,7 миллиард теңге инвестиция жұмсалды.

Айтпақшы, облыста күн электр станцияларын салу және күн энергиясын тұрақты дамыту жобаларын жүзеге асыруда сәтті және бірегей тәжірибе бар. Бүгінгі таңда баламалы энергетика саласында бірнеше инвестициялық жобалар жүзеге асырылды - Ерейментау ауданындағы жел электр станциясы, Целиноград ауданындағы жел электр қондырғысы, сондай-ақ Аршалы ауданында қуаттылығы 100 МВт жел электр станциясын салу бойынша ең ірі жоба жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, Ерейментау ауданында тағы екі жел электр станциясын және Целиноград ауданындағы жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын күн электр станциясын іске қосу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы, осы жобаларды 2023 жылға дейін іске асыру өңірдегі өндірілетін энергияның жалпы жаңартылатын көздерінен өндірілетін энергия үлесін 45 пайызға арттыратын болады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр