AAPL
140.82 $
-5.64 %
TSLA
709.81 $
-6.8 %
NDAQ
142.09 $
-4.5 %
GOOGL
2237.99 $
-3.93 %
FRHC
41.11 $
-5.52 %
AAPL
140.82 $
-5.64 %
TSLA
709.81 $
-6.8 %
NDAQ
142.09 $
-4.5 %
GOOGL
2237.99 $
-3.93 %
FRHC
41.11 $
-5.52 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көкшетауда "Тіл шебері"  облыстық конкурсының жеңімпаздары анықталды

Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген жастар арасындағы "Тіл шебері" облыстық байқауын өткізді.

Конкурс Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының аясында жыл сайын ұйымдастырылады.  

Шараның мақсаты – мемлекеттің тіл саясатын қолдау, үш тілді қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген жастарды анықтау, тіл мәдениетін көтеру, үштілділікті насихаттау болып табылады.

Байқауға үш тілді жетік меңгерген 21-35 жас аралығындағы 9 үміткер қатысты. 

Конкурс шарттарына сәйкес қатысушылар қазақ елінің тарихы мен ұлы тұлғалары, қазақ жері және оның аймақтары бойынша берілген тақырыптарға үш тілде жауап берді. Ал келесі кезеңде қазақ тілінде берілген мақал-мәтелдерді оқып, орыс және ағылшын тілдеріндегі баламасын немесе аудармасын айтып, мағынасын түсіндірсе, соңғы кезеңде қатысушылар қазақ тілін насихаттайтын бейнебаяндарын ұсынды. 

Сайыс барысында қатысушылардың үш тілді меңгеру деңгейі, дыбыстардың дұрыс айтылуы, жауаптың мазмұны мен толықтығы, үміткерлердің өзін-өзі ұстауы, берілген уақытты дұрыс пайдалануы  бағаланды. 

"Бүгінгі байқау қызықты әрі тартысты өтті. Барлық қатысушылар жақсы дайындықпен келген. Осындай байқаулардың тілді меңгерген жастарға пайдасы зор, өйткені олардың бәсекеге қабілеттілігі арта түседі", – деп бөлісті қазылар алқасының төрайымы М.Нұржақсина. 

Конкурс қорытындысы бойынша ІІІ орынды Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің ағылшын тілі пәнінің оқытушысы, ІІ орынды Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау унверситетінің жанындағы көпсалалы колледжінің ағылшын тілі пәнінің оқытушысы және І орынды Қосшы қаласының № 2 орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің оқытушысы иеленді. 

Барлық қатысушыларға тиісті дипломдар мен алғыс хаттар және бағалы сыйлықтар табыс етілді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр