Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көкшетауда сотталған ер адам әйел зорламақ болды деп күдіктелді

Көкшетауда жергілікті колониядағы жазасын өтеп жатқан 30 жастағы ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Көкшетауда сотталған ер адам әйел зорламақ болды деп күдіктелді

Сотталушы зорлады деп айыпталып отыр, деп хабарлайды Sputnik.

Полиция ЕС 166/24-де жазасын өтеп жатқан адамға қатысты қылмыстық іс қозғау фактісін растады.

«Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 120-бабының 1-бөлігі (зорлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі уақытта 1989 жылы туған күдікті қамауда отыр», - деп хабарлады Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тәртіп сақшылары қосымша ақпарат беруден бас тартты.

«Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етілмейді», - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Ал, бейресми ақпарат бойынша қылмыс жәбірленушінің пәтерінде болған. Жәбірленуші жұмсақ жиһаз сатуға жарнама берген. Түрмеде отырған ер адам оның тауарын көру үшін келгенде қылмыс жасаған.

Талқылау