Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көкшетауда сатушы мен сатып алушы төбелесіп, дүкеннің жартысын талқандады

Көкшетауда сатушы мен сатып алушы төбелесіп қалды. Сатушы бүлінген тауар үшін тұтынушыдан ақша алуға тырысқан, ал сатып алушы жауап ретінде оны итере бастаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

дүкен

Әйелдер сол кезде дүкенде болған басқа келушілердан, тіпті кішкентай балалардан да ұялмаған. Олар ашумен басқа тауарларға зиян келтіріп, дүкеннің жартысын талқандады. Әйелдерді екі ар адам әрең ажыратты. 

Енді сатушы сатып алушының дүкенге келтірген зиянының мөлшерін есептейді. Ол полицияға арыз жазған. Бірақ "бұзақылық туралы" істі екі адамға да қозғады. 

"Полиция қызметкерлері ҚР ҚК 293-бабы, 1-бөлігі - "Бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі іс қозғады. Қазіргі уақытта бұл факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деді Ақмола облысы бойынша ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.

Екі күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы - келу туралы міндеттеме таңдалған.

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by Телеканал КТК (@ktktv) on

STAN.KZ
Сейсенбі, 23 Маусым, 2020 08:26
Талқылау