Көкшетауда «Риясыз алғыс» челленджі басталды
1 наурыз – Алғыс айту күніне орай Көкшетау жастарының қатысуымен Instagram, Facebook әлеуметтік желілерінде "Риясыз алғыс" челленджі басталды, деп хабарлайды Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы.
Өскелең ұрпақты достыққа, бір-біріне деген құрмет пен ізгілікке тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған челленджге облыс орталығының жоғары және орта арнаулы оқу орындарында оқитын өзге этнос жастары қатысуда.
Көктемнің алғашқы мерекесі әрбір қазақстандықты жақындары мен айналасындағыларға риясыз алғысы мен ерекше ілтипатын білдіруге шақырады.
"Қайырымдылық дәстүрі мен өзара ынтымақтастықты ұлықтайтын Алғыс айту мерекесінің тәрбиелік мәні зор. Әсіресе, Қазақстан жастарының достық пен бейбітшілік аясындағы дәстүрді жалғастыруға белсене қатысқаны ерекше қуантады, дейді – Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі директорының орынбасары Гүлнәр Қадырәлиева.
Сөйтсе де бұл бастама басқа челлендждерден өзгеше. Атап айтқанда, студент жастар өздері оқып жатқан мамандықтарымен байланыстыра отырып, ата-аналарына, ұстаздар қауымына, жора-жолдастарына, қазақ еліне ыстық ықыластарын жеткізуде, сондай-ақ мемлекеттік тілді еш кедергісіз меңгеруіне заманауи мүмкіндіктер мен жағдай жасап отырған егемен елі Қазақстанға да риясыз алғыстарын білдіріп, челленджді келесі оқу орындарының білім алушыларына жолдады. Осылайша, жоғары және орта оқу орындарының жастары көрікті көктемді өзіне әрі айналасындағыларға ризашылықпен қарсы алды.
Айта кетейік, челленджге Көкшетау қаласының 2 жоғары оқу орны мен 9 орта арнаулы колледж студенттері қатысуда.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
