Көкшетауда пошта ғимаратын тонаған ағайындылар ұсталды
Қазір қамауға алынған ағалы-інілілер бұл әрекетке жоқшылықтан бардық деп ақталған,-деп жазды КТК арнасы.
Ал поштадан алып кеткен 1 миллион теңгеден аса қаржыны олар жұмсап үлгермеген екен. 22 және 29 жастағы ағайындылар поштадан тонап әкеткен ақшаны пакетке салып, далада үйдің іргесінде жатқан таспен бастырып қойған. Кешқұрым екеуі қолға түскеннен кейін әлі жұмсап үлгермеген сол қаржыны полицейлерге қайтаруларына тура келді.
Бұлар Көкшетау іргесіндегі Застанционный кентінде пәтер жалдап тұрады екен. Қолдарында дәл сол өздері тонаған поштадан зейнетақы алатын қарт әкелері бар. Екеуі де жұмыссыз.
Үлкені бұрын ауыр қылмыс жасап сотталған. Қарақшылық шабуыл жасалған күні сол маңдағы қамыс арасында киімдерін ауыстырғанын көрген куәгерлер де табылыпты. Естеріңізге салсақ, Көкшетаудағы пошта бөлімі үш күн бұрын тоналған еді. Күдіктілер ертеңіне ұсталды.
Оқи отырыңыз:
Алматыда тағы бір көкек ана сәбиін сөмкеге салып, көшеге тастап кеткен (фото)
Атырауда жоғалған жасөспірім өлі күйінде табылды
Діни басқарма: Кей азаматтардың уағызы жамағат арасында түсінбеушілік тудырып отыр
Алматы облысында ұшақ апатынан қаза тапқан дәрігер мемлекеттік марапатқа ұсынылуы мүмкін