Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда тағы бір көкек ана сәбиін сөмкеге салып, көшеге тастап кеткен (фото)

Алматы тұрғындары көшеде сөмке ішінде жатқан жаңа туған сәбиді тауып алды.

Қыркүйек айында Алатау ауданында көшеден жаңа туған сәби табылды. Тұрғындар бастапқыда сөмке ішінде қозғалып жатқан күшік не мысықың баласы деп ойлаған. Кейіннен оның сәби екенін көріп, бірден полиция мен дәрігер шақыртады, деп хабарлайды patrul.kz.

Сәби жылы көрпешеге оранғандықтан суықтап үлгермепті. Қыз баланың өмірге келгеніне 5-6 күндей болған. Нәресте Черемушка көшесінің бойынан табылды.

«Қазір қыз баланың жағдайы қанағаттанарлық. Емханада толықтай тексеруден өтті. Сәбидің туғанына шамамен 5-6 күндей болған», – дейді балалар ауруханасының бөлім меңгерушісі Ляззат Есқалиева.

Сәбидің дені сау болып туған. Дәрігерлер оған латын тілінде «жеңімпаз» деген мағынаны білдіретін есім берді. Туу туралы куәлік те жасатты.

Ювеналды полиция басшысы, полиция полковнигі Лейла Алипбаева тергеу жүріп жатқанын айтты. Сәбидің анасы мен туыстары іздестірілуде.

Тағы да оқыңыз:

Атырауда жоғалған жасөспірім өлі күйінде табылды

Діни басқарма: Кей азаматтардың уағызы жамағат арасында түсінбеушілік тудырып отыр

Алматы облысында ұшақ апатынан қаза тапқан дәрігер мемлекеттік марапатқа ұсынылуы мүмкін

Талқылау