Діни басқарма: Кей азаматтардың уағызы жамағат арасында түсінбеушілік тудырып отыр

Бейсенбі, 5 Қазан , 2017 13:13

Уағыз айтудың бірыңғай әдебі мен тәртібі бекітіледі. Бұл шешім соңғы кезде әлеуметтік желілерде кейбір азаматтардың уағызынан кейін туындаған түсінбеушіліктен соң қабылданып отыр.

Уағыз айтудың бірыңғай әдебі мен тәртібі бекітіледі, деп хабарлайды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы орталық аппаратының кезекті жиналысында осындай шешім қабылданды. Еліміз бойынша уағыз-насихат жұмыстарының бірыңғай тәртібі мен әдебі туралы арнайы ережені әзірлеу ҚМДБ уағыз-насихат бөліміне жүктелді.

“Өздеріңіз жақсы білесіздер, әлеуметтік желілер мен электрондық ақпарат құралдарында кейбір тұлғалар уағыз айту барысында қоғамымызда қалыптасқан құндылықтарды, халқымыздың сан ғасырлық дәстүрі мен ғұрпын, жұртымыздың бай мұраларын ескермеуде. Сонымен қатар, мүфтият ғалымдары айтуы тиіс діни терең мәселелер төңірегінде үкім беріп, пәтуасын шығарып жіберуде. Соның салдарынан қоғамда азаматтар мен жамағат арасында түсінбеушіліктер көрініс тауып қалуда. Бұл мәселені дер кезінде қолға алып, уағыз айтудың бірыңғай әдебі, тәртібі туралы ереже қабылдауымыз керек”, – деп атап өтті ҚМДБ төраға орынбасары, “Әзірет Сұлтан” мешітінің бас имамы Серікбай қажы Ораз.

Аталған құжат ҚМДБ бекіткен тақырыптар бойынша уағыз-насихат жұмыстарының жүргізілуіне жол ашпақ.

Тағы да оқыңыз:

26 жастағы азамат түрмеге түсу үшін полицейді сабап тастады

Мамандар артық салмақтан арылу үшін қара шайды қалай ішу керегін айтты

Ғалымдар рак дертінен сақтанудың басты жолы анықтады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
19.01.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар